Пятница, 22 Июнь 2018 11:47

Шымкентте полиция күніне орай ескерткіш ашылды

Бүгін Шымкентте қазақ полициясының 26 жылдығына орай ескерткіш ашылды. Салтанатты шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, милиция генерал-майоры Жеңісбай Сұлтанов, сала ардагерлері мен полиция қызметкерлері қатысты.

Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев жаңа нысанның маңыздылығын атап өтті және ішкі істер органдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Бүгін біз міндетін орындау барысында қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне ескерткіш ашып отырмыз. Полиция қызметкерлері антына адал, өздерінің ауыр қызметін сенімді атқарып, кез келген сәтте өз өмірін ойламастан азаматтар мен қоғамды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға қарсы тұруға дайын. Бейбіт заманда өздерінің кәсіби және азаматтық парызын өтей отырып, қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін жанын қиған полиция қызметкерлері мәңгі есте қалды.Әрине, ешбір ескерткіш қайтыс болған батырларды алмастыра алмайды. Құрметті құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, еңбекте табысты болуларыңызға тілектеспін», - деді Жансейіт Түймебаев.

Іс-шара аясында облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері салтанатты маршпен жүріп өтті. Іс-шараға қатысушылар ІІД мұражайына да барды. Осыдан кейін «Қоғамдық келісім» сарайының ғимаратында фотокөрме ұйымдастырылды. Бұдан өзге, үздік полиция қызметкерлері марапаттарға ие болып, іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

 «AQ-QARA.KZ  - ақпарат»

Read 1705 times