Четверг, 26 Июль 2018 11:39

Шымкент қаласы Әл-Фараби полиция бөлімі есеп берді

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби полиция бөлімінің биылғы 6 айда атқарған жедел – қызметтік жұмыстарының қорытындысы және халыққа есеп беру жиналысы болып өтті. Жиынға Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов, Шымкент қ. ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі С.Абдуллаев, Әл-Фараби полиция бөлімінің жеке құрамы мен қоғам белсенділері, сондай–ақ жергілікті тұрғындар қатысты.

2018 жылдың 6 айы көлемінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында орын алған құқықбұзушылықтар саны былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15-9 пайызға төмендеген. Соның ішінде ауыр қылмыстар – 25,0, тонау қылмыстары - 24,4, бұзақылық - 9,7, ұрлық қылмыстары -18,2, пәтер ұрлықтары – 16,7 пайызға азайған. Есеп беру мерзімінде қылмыстардың ашылу көрсеткіші жақсарған, яғни аса ауыр және ауыр қылмыстардың ашылуы 100 пайызды құраған. 

Есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 23 дерек анықталған. Соның ішінде есірткі сатудың 17 дерегі әшкереленген. 2018 жылдың 6 айында Жергілікті полиция өкілдерімен жалпы 5316 әкімшілік хаттама толтырылып, 19 631 000 теңге көлемінде айыппұл салынған. Ал оның 11 880 000 теңгесі мемлекеттік бюджетке өндірілген. 

Көші – қон қызметі бөлімшесімен есептік мерзімде жедел – сауықтыру және күнделікті жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының Көші –қон заңдылығын өрескел бұзған барлығы – 61 шетелдік сот шешімімен ҚР аумағынан шығарылған. Жалпы салынған 2 122 000 теңге айыппұлдың барлығы мемлекет қазынасына өндірілген. Жиында халыққа осылай деп есеп берген Әл –Фараби полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Сейтжомарт Сейтхан жиналған халықтың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, халықты мазалаған мәселелердің ешбірі де жауапсыз қалмайтынын баса айтты.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Read 1948 times