Вторник, 07 Август 2018 04:06

Түркістан облысында экологиялық қылмыстардың алдын алу бойынша жедел-іздестіру іс-шарасы өтті

Түркістан облысы аумағында 2018 жылғы 10-29 шілде аралығында экологиялық қылмыстардың алдын-алу және анықтау, браконьерлік әрекеттердің жолын кесу, су биоресурстарын қорғау бойынша жедел-іздестіру іс-шарасы өткізілген. Бұл туралы Түркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы хабарлап отыр.

Түркістан облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарға қарсы тұру бойынша жүргізіліп жатқан алдын алу іс-шарасы аясында 10 экологиялық қылмыс пен 50-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтапты. Мәселен, ағымдағы жылдың 15 шілде күні, сағат 00:30-дар шамасында Ордабасы АІІБ Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері және аумақтық инспекция мамандарымен бірлескен іс-шаралар жүргізу барысында Ордабасы ауданы Бадам ауылының батыс жақ беткейінен ағатын Бадам өзенінен ау-тор пайдаланып, заңсыз балық аулап жүрген Шымкент қаласының 4 тұрғыны анықталған. Олардан айғақ ретінде 1 дана тор, 26 дана әртүрлі балықтар тәркіленіпті.

Тәртіп сақшыларының браконьерлерді қарау барысында ұсталған 26 дана балықтың ішінде 8 дана балық түрі сирек кездесетін, құрып кету қаупі төнген балықтар санатында яғни, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген Түркістан қаязы балығына ұқсас екендігі анықталды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, көрсетілген мерзім ішінде полиция қызметкерлері ағаштар мен бұталарды заңсыз кесудің 7 жайты, 2 заңсыз аң аулау жайты және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің заңсыз айналымы туралы 1 жайт тіркелінді.

Түркістан облыстық ІІД ЖПҚ қоршаған ортаны қорғау қызметкерлері экологиялық заңнама талаптарын бұзған 50 құқықбұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартыпты. Тәртіп сақшылары құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, шамамен 300 мың теңге айыппұл салған.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Read 2735 times