Суббота, 25 Август 2018 10:38

Түркістан облысы әкімдігі жастар арасында зорлық-зомбылық пен өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алуға кірісті

2018 жылдың 6 тамызымен 19 қазаны аралығында облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар арасында зорлық-зомбылықты болдырмау және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында өңір псиxологтарының біліктіліктерін жоғарлату бойынша 1000 педагог-психологты оқыту курсы өткізіліп жатыр. 

Қазіргі таңда 1000 педагог-психологтың 246-сы біліктіліктерін арттырды.7-11 тамыз аралығында – 86, 13-17 тамыз аралығында – 72, 20-24 тамыз аралығында 88 педагог-психолог сертификатка ие болды. Сайрам ауданы– 99, Төлеби ауданы – 54, Түлкібас ауданы – 43, Бәйдібек ауданы – 10, Сарығаш ауданы – 40.

Біліктілікті арттыру курсы «Energy» республикалық педагогикалық-психологиялық дамыту орталығында және «ReFrame» тұлғалық дамыту орталығында өткізілуде. Жиналған психологтар 3 топқа бөлініп, бағдарлама бойынша 5 күн сабаққа қатысады. Бұл оқыту курсының ерекшелігі – заманауи әдістер мен тиімді техникалар қолданылады. Жобаға «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры, ҚМҚПУ-нің «Теориялық және практикалық психология» кафедрасының профессоры, PhD докторы – Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы да атсалысып жатыр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1401 times