Вторник, 28 Август 2018 03:38

Түркістан облысында бюрократиялық кедергілерді жойып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жоба жүзеге асырыла бастады

Түркістан облысында бюрократиялық кедергілерді жойып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Protecting Business and Investments» жобасын жүзеге асырыла бастады. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды «ontustik.gov.kz» сайтына сілтеме жасап. 

Бұл жоба ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Сыртқы істер және Инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асып отыр. Оның басты мақсаты — ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, жемқорлықты болдырмау. 

Түркістан облысы бойынша алғашқы болып  «Golden Camel Group LTD» ЖШС жобаға қатысуға ниет білдірді. Осыған орай, жуырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев пен аталған серіктестіктің директоры Янг Джи жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойды.

Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев өз сөзінде облыстың бірқатар кәсіпкерлеріне жоба таныстырылғанын, оған қатысуға қызығушылық танытқан инвесторларға Қазақстан аумағында сыбайлас жемқорлық деректерінен 100 % қорғауға кепілдік берілетіндігін жеткізді.

«Golden Camel Group LTD» ЖШС директоры бизнесті қорғау, оларға қолайлы инвестициалық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету бойынша жасалып жатқан ауқымды жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге кез келген инвестор қатыса алады. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1240 times