Арыс қаласының полицейлері мектептерде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде
Түркістан облысы Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барлық білім мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізуді бастады.
Түркістан облысы Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барлық білім мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізуді бастады.
Түркістан облысы Кентау қалалық ПБ-нің кезекші бөліміне Оңтүстік Корея азаматының жоғалып кеткендігі хабарланған. 2019 жылы қараша айының соңында Түркістан облысы Кентау қалалық ПБ-нің кезекші бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны оның күйеуі, Оңтүстік Корея азаматы із-түзсіз жоғалып кеткендігі жөнінде арызданған.
Мал ұрлығы — бүгінгі күннің өзекті мәселесіне және ауыл дертіне айналып отырғаны баршамызға мәлім. Әсіресе, ауыл тұрғындарының күнкөріс көзі осы төрт түлік малдары болып табылады. Сондықтан әрбір малдың ұрлануы олардың тұрмыс-тіршілігі үшін қиынға соғары хақ. Бүгінгі таңда облыс аумағында мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, болдырмау мақсатында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жасалуда.
«Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің «Сапалы жол - Адалдық алаңы» аясында Төлеби ауданына қарасты Ленгір қаласындағы аудандық маңызы бар КХТЛ-33 «КХТЛ-31-КХ35- Ақайдар Екпінді» көшесі және КХТЛ-31 «Ленгер КХ-82 Шымкент - Сайрам - Қасқасу - Шымкент» көшелерінде жалпы ұзындығы 9,3 шақырым болатын жолдан сынама алынып, мемлекет бюджеті есебінен салынған жолдардың сапасы тексерілді.
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес, жыл сайын 25 қараша күні - Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою Халықаралық күні аталып өтіледі. ҚР ІІМ бастамасымен ел аумағында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында тәртіп сақшылары, жергілікті атқарушы органдар, білім, медицина, еңбек және әлеуметтік қорғау, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өткізілуде.
Түркістан облыстық Полиция департаменті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өткізді. Жиында полицейлерге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы баяндайтын «Елбасы жолы» деректі фильмі көрсетілді.
Түркістанда жасөспірімдер қатысымен болған қылмыс саны 70 пайызға артқан. Әсіресе кәмелектке толмағандардың түн қатып, бейсуат көше кезіп жүруі тиылар емес. Жыл басынан бері рухани шаһарда ата-ана қарауынсыз беймезгіл жүрген 456 жасөспірім анықалды . Оған қоса мектеп оқушылары ұрлық жасап ұсталған. Бұл туралы қалалық әкімдікте құқық қорғау органдарының 10 айлық есебінде айтылды.
Таяуда «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Ерұлан Тұңғышбаев шетелдік инвесторларымен «Қазақстан-Ресей-Қырғызстан бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.