Түркістан облысында кеден бекеттері жаңғыртылуда

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті шекаралық кеден бекеттердің аумағын кеңейту, толық қайта техникалық жарақтандыру және өткізу қабілеттілігін ұлғайту жұмыстарын жүргізуде. Кедендік әкімшілендіруді оңайлату жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыста бірқатар кеден бекеттерінде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Түркістан облысы: Қаржы басқармасы «Қыран» командасына ескерту жолдады

Түркістан облысының әкімдігі жеті айдан бері жалақы алмаған «Қыран» футбол командасының спортшыларына қатысты мәселеге алаңдаушылық танытуда. Айта кетейік, «Қыран» футбол командасы үш жыл бұрын 10 жыл мерзімге А.Б.Исабаев есімді азаматтың сенімгерлік басқаруына өткен.

Түркістанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Алқалы жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен облыстық басқармалардың басшылары, сондай-ақ бейнеконференц байланыс арқылы аудан-қала әкімдері қатысты.

Түркістандық кәсіпкерлерге антитеррористік қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасында антитеррористік қауіпсіздік шаралары бойынша семинар-жиналыс өтті. Кәсіпкерлерге антитеррористік қауіпсіздік жүйесін сақтау талаптары мен сақтамаған жағдайдағы жауапкершіліктер жайында айтылды. 

Түркістан облысында кезекті халықтық кеңсе ашылды

Рухани мекен Түркістан өңірінен полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ететін әрі азаматтарың өтініштерін жедел қарайтын тұрғындар үшін тағы да бір халықтық кеңсе ашылды. Халықтық кеңсенің лентасын ҚР Ішкі істер министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Қоғамов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы арнайы мониторингтік топ төрайымы А.Соловьева және Нью-Йорк қаласының үздік полицейі атанған Д.Ниязов салтанатты түрде қиды. 

Түркістан облысы: Бәйдібектік полицейлер оқушылармен кездесу өткізді

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жастармен кездесіп, тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізді. Жалпы, жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмауда, алдын алуда осындай ерекше кездесулердің берері мол.