«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалы халықты ақпараттандыру бөлімінің бас сарапшысы Лаура Сапарбекова, республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының маманы Нұрлан Жұмағалиев баяндама жасап, емханаға тіркелу қағидаттарымен таныстырды. Олар тұрғындардың емхана таңдау барысында саналы түрде шешім қабылдап, үйіне, жұмыс орнына жақын немесе өзіне қолайлы деп тапқан мекемеге тіркелуге болатындығын атап өтті.
Әрбір азамат өзінің қалауы бойынша кез келген емханаға тіркеліп, қызмет түрлерін ала алады. Емханаға тіркелу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызмет көрсетушілер тізімінен емхананы таңдау қажет. Аталған тізім Қордың fms.kz сайтында орналасқан. Емханаға тіркелудің екінші жолы – онлайн тәртіпте, egov.kz порталы арқылы. Ол үшін азаматтың электрондық цифрлық қолтаңбасы болғаны жеткілікті. Азаматтар тұрғылықты мекенжайын, жұмысын, оқу орнын ауыстырғанда, жазасын өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін, әскери қызметін өтеп болғаннан кейін, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылған жағдайда, сонымен қатар бұрынғы емханадағы қызмет сапасы көңілден шықпайтын болса, басқа емханаға тіркеле алады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»