«Өңірдегі нәрестенің өлім-жітім көрсеткіші 8,6-ны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 16,2 пайызға төмендеді. 10 айлық нәтижесінің қорытындысы бойынша облыс нәресте өлімі көрсеткіші республикада 6-орында. Бұдан өзге, кадрлық ресурстар бойынша облыстағы дәрігерлер саны - 4957. Бұл 10 мың халыққа шаққанда 25,4 көрсеткішті құрайды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 10 айында облыстық деңгейде 4350 маман, республикалық деңгейде 1716 маман біліктілігін арттырды. Сонымен қатар, 63 маман Мәскеу, Қазан, Минск, Санкт-Петербург, Новосибирск қалаларының клиникаларында білімін жоғарылатып, тәжірибе алмасты», - деді Мұқан Кеңесбекұлы. Басқарма басшысының айтуынша, Түркістан облысында 38 медициналық ұйым медициналық ақпараттық жүйеге 100 пайыз қосылған.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»