Среда, 06 Февраль 2019 14:04

Түркістан облысы: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы 2018 жылды қорытындылады

Бүгін Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев 2018 жылы атқарылған жұмыстардың есебін журналистерге ұсынып, баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл туралы аталмыш басқарманың баспасөз қызметін сілтеме жасап, «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Онда айтылған мәліметтерге сүйенсек, Түркістан облысында 2 миллионға жуық халық тұрады. Оларға медициналық көмекті 30 ауруханалық ұйым, санаторилер мен жедел медициналық көмек станциясы көрсетеді. 2018 жылдың ішінде Түркістан облысы бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) көрсететін ұйымдарға келіп қаралушылар 8 739 991 адамға жеткен, бұл облыстың 1 тұрғынына шаққанда 4,7 қабылдауды құрайды. Жалпы БМСК учаскелерінің саны – 1119, оның ішінде 783-і – жалпы тәжірибе дәрігерлерінің учаскелері, 127-сі – терапевтік, 209-ы – педиатриялық учаскелер. Стационар алмастырушы технологияларды ендіру және дамыту жалғасуда: күндізгі стационары бар БМСК ұйымдарының төсек-орын саны 1494-ден 1584 дейін көбейіпті. Аурухана ұйымдарының күндізгі стационарларында емделіп шыққан науқастар саны 59 321.

Урбанизацияға және нарықтық экономикалық қатынастарға байланысты аурулардың әртүрлі топтарының өсуі мен таралуы байқалады. БМСК деңгейінде басымдықты және негізгі ауруларды басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Ауруларды басқару бағдарламасы (бұдан әрі – АББ) енгізілуде. Өткен жылы Түркістан облысының 25 БМСК ұйымында үш нозология бойынша АББ енгізілген. АББ-ға қатысуға қан қысымы жоғары, созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі және 2-типті қант диабеті диагнозы қойылған 27 743 пациентпен шарт жасалыпты. 

Былтыр Кентау қаласы мен Сайрам, Сарыағаш аудандарында 3 инсульттік орталық ашылып, облыстық бюджет есебінен 1 млрд. теңгеге 3 дана компютерлік томограф сатып алынды.

Клиникалық диагностикалық зертханалық қызметтер сапасын жақсарту, құрал-жабдықты және медициналық мақсаттағы бұйымдарды, кадрлық әлеуетті ұтымды пайдалану үшін Леңгір және Кентау қалаларында емханалар мен ауруханаларының зертханалары орталықтандырылды.

Компьютерлік роботталған нейрохирургиялық жүйе орнатылып, ол омыртқада орналасқан жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге қолданылуда. Қазақстанда алғаш рет Витилиго орталығы ашылып, Витилигоны жаңа хирургиялық әдіспен емдеу енгізілді.

Жедел медициналық көмек қызметінде «Көмек» автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді. Барлық машиналар GPS навигациямен қамтамасыз етілген.

Халыққа уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында БМСК ұйымдарының шұғыл кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуде сабақтастығын және қатысуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Осылайша Денсаулық сақтау министрлігінің2017 жылдың 3 шілдесіндегі №450 «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығын орындау үшін бүкіл Түркістан облысында аудандық БМСК жанында жылдамдықтың 4 санаты бойынша Шұғыл медициналық көмек бөлімшелері ұйымдастырылды, олар GPS навигация орнатылған санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген. 

Түркістан облысы бойынша стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде триаж жүйесі орнатылды. Шұғыл көмек көрсету бойынша BLS, ACLS, PALS, PHTLS халықаралық стандарттары бойынша жедел жәрдем қызметкерлері, оның ішінде 189 дәрігер, 743 фельдшер, сондай-ақ«Санитарлық автокөлікті қауіпсіз жүргізу» циклы бойынша 564 жүргізуші оқытылды.

Жалпы, облыс көлемінде халықты денсаулығын сақтауға сауаттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 118 964 іс-шара өткізіліп, 576 696 адам қамтылған екен.

Халықты иммунизациялау ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізіліп, халықтың декреттелген топтарын профилактикалық егумен қамту көрсеткіші оңтайлы 95,0 пайызды құрады.

Бірқатар әлеуметтік маңызы бар аурулардың (қатерлі ісіктер, қанайналым жүйесінің аурулары, глаукома) алдыналу мақсатында жүргізілетін скринингтік тексерулерден 578968 адам өтіп, қамту көрсеткіші 78,8 пайызды құрады.

Ана мен бала денсаулығын қорғау, жіті миокард инфаркті, жіті ми қанайналымы бұзылысы, қатерлі ісіктер, жазатайымоқиғалар бойынша Жол картасы жүзеге асырылуда.

2018 қорытындысы бойынша ана өлімінің көрсеткіші 35,6 пайызға төмендеді. Барлық жағдайлар бойынша талдау жүргізіліп, ана өліміне жол бермеу мақсатында жүйелі шаралар қолданылды.

Нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші 8,6-ны (2017 жылы – 9,5) құрады. Көрсеткіш арғы жылмен салыстырғанда 9,5 пайызға төмендеді.

Ана мен бала денсаулығын қорғау жол картасы аясында:

1) Ақсукент ауылы, Кентау қаласы, Сарыағаш, Бәйдібек, Ордабасы, Жетісай, Түлкібас аудандары перзентханаларында маман және материалдық-техникалық ресурстарын жоғарылатып, II-ші деңгейде көрсетілетін көмекке қолжетімділігі артты;

2) Республикада алғаш рет жүйке аурулар паталогиясымен 0-3 жасқа дейінгі балаларға оңалту орталығы ашылды.

2018 жылы 46652 бала туылды. 2017 жылы дүниеге келген сәбилер саны 45006 болған.

Облыста ана мен бала өлімін төмендету мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, республикалық ғылыми орталықтармен және облыс әкімдігімен келісіліп, ана мен сәби өлім-жітімін төмендету бойынша іс-шаралар жоспары әзірленген. 4 тренинг (3 ОПО және ОБА) орталықтарының базасында медицина қызметкерлерін каскадтық әдіспен үздіксіз оқыту өткізіледі.

Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші – 46,3-ті (2017 жылы –  49,7) құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,8 пайызға төмен.

Жол картасы аясында:

1) Облыстың БМСК ұйымдарына 50 онкологиялық және 49 маммологиялық кабинетұйымдастырылып, жұмыс істеуде;

2) Науқастарға стационарлық көмекті жылдам көрсету үшін шұғыл әрекет етуге SOS жүйесі ендірілді.

Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім – 119,1-ді (2017жылы – 131,4) құрады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,4 пайызға төмендеді.

Жол картасы аясында:

1) Тромболитикалық терапия 152 науқасқа қолданылды;

2) Сайрам, Сарыағаш аудандарында және Кентау қаласында  инсульт орталықтары ашылды;

3) Облыстағы қажетті кардиохирургиялық оталарды орындау мақсатында кардиохирургиялық 12 төсек-орын ашылып,  барлығы 30 төсек-орынға жеткізілді.

Жол картасы аясында:

1) аудандардың БМСК жанында қосымша 5 жедел жәрдем бригадасы ашылды.

Туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші – 1,6-ны (2017ж. 12 ай – 2,0) құрады, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға төмендеді.

Облыстың барлық медицина ұйымдарында ішкі аудит қызметі жұмыс істейді. 2018 жылы медициналық қызметтің сапасы бойынша жалпы 797 (2017жылы – 1151) арыз тіркелді, арғы жылмен салыстырғанда 69,2%-ға төмендеген. Сонымен қатар халықтың арыз-шағымдарын қоңырау арқылы өңірлік бірыңғай медициналық Call-орталығы қабылдайды. 

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютордың 2018 жылға арналған тізімі бойынша, соның ішінде  ұзақ мерзімді шарттар, тікелей келісімшарттар, орфанды препараттар, тендер бойынша барлығы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде 424 атау бойынша тапсырыс жолданған. Облысқа 386 атау мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша сатып алынып (95%), облыстағы емдеу мекемелері үшін 8 179 млн. теңгеге жеткізілді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша облыс әкімінің өкімімен «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру» бойынша штабтың жаңа құрамы бекітілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ОҚО филиалы, Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесе 2018 жылға «Бірыңғай байланыс жоспарын» бекітті.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ендіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында 2018 жылдың басынан 1 125 766 адам қамтылды, 718 кездесу, 71 812 әңгімелесу өткізілді және 270 615 мыңнан аса ақпараттық материал (буклет, парақша және т.б.) таратылды.

«Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау» бағдарламасының бойынша 2018 жылы облыстық деңгейде 4939 маман біліктілігін арттырды, оның ішінде 111 маман шет елдің клиникаларында білімін жоғарылатып, тәжірибие алмасты (Беларусь – 1, Ресей – 82, Корея – 17, Израиль – 2, Өзбекстан – 9). 

Сонымен қатар мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында 2019 жылға Новосібір мемлекеттік медициналық университеті мен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы арасында меморандум түзілді.

Облыста мамандықтар бойынша дәрігер тапшылығы саны – 135 (жалпы тәжірибиелі дәрігер, анестезиолог-реаниматолог, терапевт, акушер-гинеколог, педиатр, дәрігер-лаборант), (2017 жылы – 195). 

Бұл мәселені шешу мақсатында облыстық мәслихаттың 2017 жылдың 27 маусымындағы №13/154-VI «Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі туралы» шешіміне сәйкес, 2018жылдың 1 қаңтарынан бастап шалғай ауылдар мен елдімекендерде жұмысқа орналасқан денсаулық саласындағы әр маманға бір реттік 1 000 000 (бір миллион) теңге төленеді және қазіргі таңда ауылды жерге  2018 жылы 89 жас маманға (жалпы тәжірибелі дәрігер, хирург, терапевт, педиатр, кардиолог, акушер-гинеколог) жолдама беріліп, әлеуметтік  төлемдермен қамтамасыз етілді.

2018 жылғы наурыз, сәуір айларында облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің, медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерінің және түлектердің қатысуымен жоғары оқу орындарында Оңтүстік Қазақстан фармацевтика академиясы, Қ.А.Яcауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік, Астана медицина, Семей медицина, Қарағанды медицина университеттерінде  бос орындар жәрмеңкелері өткізілді. Аталған іс-шаралар нәтижесінде 17 жас маман (стоматолог, жалпы тәжірибелі дәрігер, хирург, терапевт, педиатр, кардиолог, акушер-гинеколог) шалғай ауылдарғажұмысқа орналасты.

2017-2018 жылдары аудандарда медициналық қызметкерлер баспанамен қамтамасыз етілді. Ауылды жерге жұмысқа орналасқан 28 жас отбасы (Мақтаарал, Отырар, Арыс, Шардара, Келес (Абай ауылы), Мақтаарал (Мырзакент), Түлкібас, Ордабасы, Шардара аудандары) баспаналы болды.

Денсаулық саласын ақпараттандыру бойынша қала және аудан орталықтары интернет желісімен 100 % жасақталған. Аудан орталығынан шалғай елді мекендер мен ауылдық округтерде бұл мәселе 2021 жылға дейін шешіліп, (интернет жүйесі жеткізілген кезде) 100 пайыз қамтамасыз ету жоспарланған.

2018 жылы облыстық бюджет есебінен 5728 компьютер сатып алынды. Бүгінгі күнге медициналық мекемелерге барлық компьютерлер жеткізіліп, орнатылды. Осылайша компьютермен қамтамасыз ету көрсеткіші 64 пайыздан 100 %-ға жеткізілді.

Түркістан облысында 38 медициналық ұйым медициналық ақпараттық жүйеге қосылған, яғни 100% қамтылған.

Түркістан облысы бойынша 1 798 660 (100 %) электрондық денсаулық паспорты жасақталды. 19 220 медицина қызметкері немесе 100 % медициналық ақпараттық жүйеге оқытылған, 308 109 адам мобильдік қосымшаны пайдаланады. Осы көрсеткіштер нәтижесінде: 

- Дәрігердің қабылдауында болғандар саны – 2 101 000;

- Электрондық медициналық жазулар саны – 2 250 481;

- Еңбекке жарамсыздық парағы электрондық нұсқада берілгені – 59 401.

Сонымен қатар аудандық, қалалық емханаларда 20 цифрлық көмек посттары ашылып, онда 501 248 халық оқытылды.

Бірінші кезекте ана мен бала, жансақтау, ота жасау, жедел жәрдем қызметін күшейтуге және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсат қойылды.

Облыс бойынша медициналық құралдармен жабдықталу 65,75 %-ды құрайды. Медициналық ұйымдардың материалдық техникалық базасын нығайтуға үстіміздегі жылы 8,1 млрд.теңге бөлінді.

Денсаулық сақтауды жақсарту үшін жүйелі шаралар жүргізілуде. 2017 жылы 3,8 млрд. теңгеге 33 денсаулық сақтау нысаны салынып (7 дәрігерлік амбулатория, 18 фельдшерлік-акушерлік пункт, 5 медициналық пункт, 1 ауылдық емхана және емдеу мекемелеріне жапсарлас салынатын 2 нысан (Шардара, 150 келушіге емхана, облыстық перинаталдық орталық– 3 150 орындық стационар) және 600 млн. теңгеге 20 модульдік медициналық тірек бой көтерді.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында облыс аумағында 32 ФАП құрылысын жүргізу үшін концепция, конкурстық құжаттамалар дайындалуда. Аталған 32 жобаның жалпы соммасы – 3,0 млрд. теңгені құрайды. 2019 жылы аталған жобалар бойынша келісімшартқа отыру жоспарланған.

2018 жылы 4,3 млрд. теңгеге 11 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп (2 қалалық емхана, 4 аудандық емхана, 2 ауылдық емхана, 2 дәрігерлік амбулатория, емдеу мекемелеріне жапсарлас салынатын 2 нысан) және 1,860 млрд. теңгеге 62 модульдік жиналмалы-қаңқалы конструкция (медициналық пункттер нысаны) сатылып алынып, құрастырылды.

Қазіргі таңда, Түркістан облысы бойынша 6 жаңа емхананың (Атакент, Мырзакент, Кентау, Жетісай, Ақсукент, Шардара елді мекендері) құрылысы жүргізілуде.

Облыс орталығында бүгінгі күнде 185 төсек-орынға арналған бір қалалық орталық аурухана бар, қазіргі таңда 275 науқасты қабылдауда. Облыстық көпсалалы клиникалық аурухана облыстың барлық аудандарындағы елді мекендерге жоғары мамандадырылған медициналық көмек көрсетеді. Түркістан қалалық балалар аураханасы 190 төсек-орынға арналған, қазіргі таңда 300 пациентке қызмет көрсетуде. Аурухана Бәйдібек, Отырар, Созақ аудандары мен Кентау, Түркістан қалаларының халқына қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта 190 төсек-орынға арналған емдеу корпусына жоспарланған бөлімшелер: ортопедия, кардиохирургия, нейрохирургия, жақ-бет хирургиясы, эндокринология және т.б.

Облыс орталығы Түркістан қаласына ауысқалы, емханалар жетіспеушілігі орын алды. (Шымкент қаласында 14 емхана қызмет етеді). Осыған орай, алдағы уақытта 1 ауысымда 500 келушіге арналған  қалалық емхана салу жоспарлануда.

Түркістан қаласында жедел жәрдем стансасы Түркістан облысының халқына қызмет атқаруына байланысты заманауи ғимаратты, CALL-орталығын, автотұрақтарды қажет етеді. Осы себепті Түркістан қаласында 500 мың шақыртуға арналған Облыстық жедел медициналық жәрдем көрсету стансасының құрылысы жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы  №702 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы және Шымкент қаласы болып бөлінуіне байланысты «Облыстық туберкулезге қарсы диспансері», «Облыстық онкологиялық диспансері», «Уақытша бейімделу және детоксикация орталығы», «Облыстық психикалық орталығы» Шымкент қаласында орналасқан. Түркістан облысына ауысымына 350 төсектік Туберкулезге қарсы диспансері, ауысымына 350 төсектік Онкологиялық диспансері, Уақытша бейімделу және детоксикация орталығы, Облыстық психикалық орталығының құрылысы жоспарланып отыр. Қазіргі таңда қан орталығы және СПИД орталығы бір ғимаратта халыққа қызмет атқарады. Сондықтанжоғарыда көрсетілген медициналық ұйымдарының құрылысы жоспарлануда.

Сарыағаш қаласында Облыстық перинаталдық орталықтың құрылысы жоспарлануда, ол Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай және т.б. аудандардың 600 мыңнан астам халқына медициналық қызмет көрсетеді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат. 

Read 1873 times