Бұл туралы Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Жанар Оспанова: «Тәуліктік амбулаторлық станционарлық жарақат бөлімшесі ашылмақ. Онда күндіз ота жасалып, науқас үйіне жіберіледі. Бұл науқасқа да, медициналық мекемеге де тиімді. Емханада әлеуметтік қолдау орталығы жұмыс істейді. Сауықтыру мақсатында писхологиялық көмек те көрсетіледі» дейді.
Сондай-ақ ол «Халықтың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда»,- деді. Емханаларда бүгінде әлеуметтік қолдау орталықтары, сауықтыруға бағытталған психологиялық бөлімшелер жұмыс істейді.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.