Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ендіру бойынша ақпараттық түсіндіру жөнінде мәжіліске Әлеуметтік медицина сақтандыру қоры Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Асхат Бейсенбаев, Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Жанар Оспанова, Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев және білім беру ұйымдары басшылары мен қызметкерлері қатысты. Жиналыстың күн тәртібінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіру туралы мәселе қаралып, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Асхат Бейсенбаев баяндама жасады. Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар жолданып, тиісті жауаптар берілді. Сондай-ақ аталған делегация аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.