Воскресенье, 01 Июль 2018 08:19

Шымкенттіктер алғаш рет халықаралық йога күнін атап өтті

Шымкентте алғаш рет халықаралық йога күні атап өтілді. Оның ұйымдастырушысы йога институтының жетекшісі Сандип Васант Джадхава.Шымкенттің тұрғындары мен қала қонақтары йогамен шұғылданып, үнді билерін көріп, Үнді мәдениетін тамашалады.

Йога - бұл тек сағаттар бойғы жаттығу емес, бұл өмір салты. «Pradnaya» йога институтының директоры Сандип Васант Джадхаваның айтуынша, йоганың бүкіл әлемге кеңінен танымал болуы оның адамнның тәніне ғана емес, ақыл-ойының жай-күйін де әсер ете алуының арқасында екен.

Жүздеген шымкенттіктер тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен бірлескен түрде йогамен тәжірибесін өткізді. Вячеслав Овчаренко өзінің жайлы шатырында дыбыстық терапия бойынша мастер-класс өткізді. Қарапайым және қол жетімді тілде йога шәкірті үнді әндері бар күлкілердің дыбысы адамның физикалық жағдайына қалай әсер ететінін түсіндірді.

Йога фестивалі осымен 4-ші жыл қатарынан әрбір елдің әрбір қаласында өткізіліп келе жатыр екен. Осылайша йога фестивалі Шымкентке деп келіп жетті. Шымкенттіктер үш жарым сағаттан астам уақыт бойы халықаралық йога күнін атап өтті. Алғашқы рет өткізіліп жатқанына қарамастан, бұл өте жоғары деңгейде өтті. Іс-шараны Шымкенттің мыңдаған азаматтары қарсы алды және бірлік пен үйлесімділік қуатын бойларына жинағаны анық.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Read 1551 times