Четверг, 26 Июль 2018 07:49

Шымкентте дәрігерді үйге шақыру, дәрігердің қабылдауына жазылу және медициналық ұйымға жазылу қызметтері автоматтандырылған

Жақында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Селекторлық жиында еліміздегі «ақылды қалалар» жобасын іске асыру мәселелері қаралды. Олардың арасында Шымкент қаласы да бар. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайты хабарлады

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің деректеріне сәйкес, «Smart city» жобасын іске асыру аясында өңірлерде цифрландыру кеңселері құрылған. Жергілікті атқарушы органдар іске асыратын жобаларды үйлестіру процесін ҚР АКМ және «Зерде» АҚ негізінде құрылған цифрландырудың орталық штабы басқарады.

Жиында сөз алған Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қазіргі таңда шаһардағы «Ақылды қала» жобасы бірнеше бағытта дамып келе жатқанын мәлімдеді. Олардың арасында денсаулық сақтау саласы да бар.

– Денсаулықсақтау саласын цифрландыруда халыққа ең қажет 3 қызмет – дәрігерді үйге шақыру, дәрігердің қабылдауына жазылу және медициналық ұйымға жазылу қызметтері автоматтандырылған, - деп жалғады сөзін қала әкімі. – Бұл жұмыстар биылғы 1 сәуірден басталған. Соның нәтижесінде дәрігерлер мен науқастардың уақыты 50%-ға дейін үнемделіп, дәрігердің қарауы мен скрининг негізінде ауруларды анықтау үлесі 30%-ға көбейеді деп күтілуде.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1541 times