Четверг, 26 Июль 2018 10:16

Шымкентте «Стоп гепатит» акциясы өтуде

Халықаралық гепатитпен күрес күніне орай Шымкент қаласындағы халық көп жүретін «Қырғы базар» аумағында «Стоп гепатит» акциясы бастау алды. Облыстық клиникалық аурухананың 6 медицина қызметкері тексерілгісі келетін  кез келген тұрғындарды 5 сағат тегін тексерді. Аз ғана уақыттың ішінде тәжірибелі дәргерлер көптеген базар саудагерлері мен сатып алушыларды тексерістен өткізген.

Гепатологтардың айтуынша, біздің қаланың, өңірдің тұрғындарында көбінесе В және С гепатиті жиірек кездеседі екен. Вирусты инфекцияның бұл түрлері кей жағдайда стерильді емес құралдарды қолданумен болатын оталардан кейін пайда болып жатады екен. Бейсенбі күні акция ары қарай жалғасып, Шымкенттегі теміржол вокзалында өтетінін айта кетейік.

Гепатит немесе сары ауру – гепатит вирустары мен инфекциялардан болатын бауырдың өткір және созылмалы қабыну аурулары. Гепатит көп жағдайларда симптомсыз өтеді, немесе басқа аурулардың симптомдарына ұқсас келетіндіктен, диагнозды дер кезінде қою қиын. Сонысымен гепатит қауіпті ауру саналады. Асқынуының салдарынан бауыр циррозы, бауыр ісігі, фиброз сияқты қауіпті ауруларға алып келеді. Сол себепті де аталмыш аурудың белгілерін байқасаңыз дереу ауруханаға барып тексерілу керек дейді дәрігерлер.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Read 1542 times