Түркістандық тәртіп сақшылары аз қамтылған отбасыларға ай сайын көмек көрсетеді
Түркістан облысы Арыс қаласының полиция қызметкерлері аз қамтылған отбасыға қуаныш сыйлады. Атап айтсақ, Түркістан облысы Арыс қаласының полицейлері ай сайын өз тараптарынан қаржы жинап, аз қамтылған және жағдайы төмен, көпбалалы отбасы мен жалғызілікті аналарға көмек қолын созып келеді.