Түркістан облысы: Мақтаарал ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры марапатталды

Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асия Темірбаева "Мақтаарал ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ-ның директоры Әділ Джумадиллаевты алғыс хатпен марапаттады. 

Түркістан облысының әкімі Қазығұрт ауданының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты

Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев алдымен Қазығұрт ауданындағы Дінмұхаммед Қонаев көшесінің бойындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. «Ауыл – Ел бесігі» арнайы бағдарламасы аясында «Мемлекеттік рәміздер» және «Рухани жаңғыру» аллеяларының құрылысы екі ай ішінде толығымен аяқталып, ел игілігіне тапсырылған.

Түркістанда «Рухани керуен» жобасының мүшелерімен кездесу өтті

Түркістанға «Жер жәннаты – Жетісу жерінен Түркі халықтарының киелі мекені – Түркістан өңіріне» атты Рухани керуен сапары келді. Түркістан және Алматы облыстық мәслихаттарының қолдауымен, Алматы облысының дін істері басқармасы мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастыруымен өткізілген келелі кездесуде қонақтар мен түркістан жұртшылығы пікір алмасып, тағылымды оймен бөлісті.

Түркістан облысында әлеуметтік нан бағасы көтерілмейді

Түркістан облысында 1-сұрыпты ұннан жасалған әлеуметтік нан бағасының көтерілуіне жол берілмейді. Өңірде әлеуметтік нан бағасының өсуіне қарсы жүйелі шаралар жүзеге асуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында қаладағы сауда орындары мен наубайхана өкілдерінің қатысуымен «Түркістан» ӘКК АҚ тұрақтандыру қорының шұғыл жиналысы өткізіліп, бағаның көтерілуіне жол бермеу шаралары талқыланды.

Өмірзақ Шөкеев: «Түркістан түндері жайлы әрі қауіпсіз болуы тиіс»

Түркістан облысының әкімі  Өмірзақ Шөкеев күн батқанда шаһарды аралап, түнгі уақыттағы қаланың тіршілігімен танысты. Аймақ басшысы шаһардағы  екі шақырым жерде жаңадан орнатылған жарықтандыру желісінің құрылысын көріп, ерекшеліктерінен хабардар болды. Заманауи үлгідегі ақылды сыртқы жарықтандыру жүйесінің  жарықшамдары ылғалға, кез-келген ауа-райына төзімді келеді. Электр жарығын тұтынуда үнемді әрі оны қашықтан басқарып отыруға болады.

Каких улиц и микрорайонов в Шымкенте переименуют?

«361 улиц и 24 микрорайонов в Шымкенте, возможно, получат новые названия. Избавиться от старых названий, а также дать имена улицам и районам, которые не имеют наименований, сегодня предложили на общественных слушаниях», передает «AQ-QARA.KZ», ссылаясь на «otyrar.kz»

Түркістан шаһарында үлкен теннис корты ашылды

Бұл шалғай ауыл балаларының спорттың осы түрімен шұғылдануына мүмкіндік беріп отыр. Жалпы, соңғы жылдары облыс аумағында теннисті дамытуға күш салынып жатыр. Бұл жағдай өңірдегі кенже қалған спорт түрін әлемдік аренаға алып шығуға негіз болмақ. 

«Тарихы терең Түркістан» ақпараттық туры мәресіне жетті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «Тарихы терең Түркістан» атты ақпараттық туры өз мәресіне жетті. Тамызда басталған сапар барысында журналистер мен блогерлер, желі белсенділерінен құралған топ мүшелері Түркістан облысындағы киелі орындар мен тарихи ескерткіштерді аралап, бабалар рухына тәу етті.

В Шымкенте создадут межрайонный тревожный чат

«Специалисты отдела Молодёжного ресурсного центра при управлении по делам семьи, детей и молодёжи работают над созданием социальной карты города», передает «AQ-QARA.KZ», ссылаясь на «otyrar.kz»

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында түрік диаспорасы өкілдері өмірден өткен жандарды еске алды

Бүгінде еліміз көпұлтты мемлекет ретінде оны мекендейтін 130-дай ұлт пен ұлыстың өз отанына айналып отыр. Солардың бірі – түрік халқы. Көк туымыздың астында ынтымақ-бірлікте, сыйластықта өмір сүріп жатқанына 75 жыл толғалы отыр.