Шымкентте әлемдік діни сарапшылар бас қосты

Үшінші мегаполисте әлемдік діндердің сарапшылары, дін өкілдері бас қосты. Анығырақ айтар болсақ, «Діни бостандықты нығайту мақсатында стратегиялық серіктестік орнату» жобасы аясында дін бостандығы мен конфессияаралық қатынастарды құру мәселелері бойынша қазақстандық-американдық сарапшылардың дөңгелек үстелі өтті.

Шымкентте аумақтық кәсіподақтар бірлестігі есеп берді

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жыл басынан бері атқарған жұмыстарды қорытындылап, есеп берді. Шымкент қаласындағы осы кезеңде іске асырылған шаруаларды бірлестік төрағасының міндетін атқарушы Серік Әуесханов баяндады.

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмектің арқасында кәсіп ашқандар көп

Атаулы әлеуметтік көмек алған шымкенттіктер жеке кәсіп ашып, тірлігін ұршықша иіріп отыр. Бірі малшаруашылығымен айналысса, енді бірі тігін цехының жұмысын жандандыруда. Жәрдемақы алған тұрғындардың ішінде кондитерлік цех ашып, түрлі нан өнімдерін саудаға шығарып отырғандары да бар.

Шымкентке 6 айда 110 мың турист келген

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық көрсеткіш. Осылай деген «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы енді туроператорлардың өздерін елді аралатуды бастады. Ішкі туризмді дамыту мақсатындағы жаңа жобаның таяуда екінші циклі басталды. 5 аймаққа жол тартқан агенттік жетекшілері үшінші мегаполиске де табан тіреді.

Шымкентте «Діни экстремизмнің алдын алу мәселелеріндегі жастардың ролі» тақырыбында екі күндік семинар өтуде

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен Шымкентте «Діни экстремизмнің алдын алу мәселелеріндегі жастардың ролі» тақырыбында екі күндік семинар өтуде.

Шымкент: аудан әкімдіктері жылу жүйесінде ақауы бар үйлердің мәселелеріне бей-жай қарамайды

Шымкентте жылуға қосылмай қалған 15 көпқабатты үй анықталды. Сала мамандарының айтуынша «Қуатжылуорталығы-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны орталықтандырылған жылу жүйесінен жылытылатын 1889 көпқабатты үйдің барлығының элеваторына дейін жылу жеткізген. Алайда бұл үйлердің жертөлелеріндегі құбырлардан ақау шыққан. Оны жөндеу тұрғындармен келісімшартқа тұрған қызмет көрсетуші мекемелердің міндеті дейді.

Шымкент қаласының әкімі бас консулмен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Түркия Республикасының  Алматы қаласындағы бас консулы Али Рыза Акынджы мырзамен кездесті. Кездесу барысында Шымкент қаласы мен Түркия Республикасы арасындағы қарым-қатынастың дамуы мен одан әрі өрбуі сөз болды.

Шымкентте студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дебат өтті

«Ғаламат» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында студенттер арасында дебат ұйымдастырды.