Түркістан: мақтааралдық диқандар өнімдерін шетелге экспорттауда

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында  60926,3 гектар егістік жер бар. Биыл 38185 гектар жерге мақта, 1827,6 гектарға ерте егілетін көкөніс, 54,2 гектарға картоп, 2003 гектарға жаңа жоңышқа, 1689 гектарға ескі жоңышқа, 3178 гектарға дәндік жүгері, 500 гектарға сүрлемдік жүгері, 1615 гектарға күріш, 152 гектарға маш, 47,4 гектарға бидай, 11502 гектарға бақша, 90,2 гектарға жеміс-жидек егілген.

Түркістан облысының туристік әлеуеті Өзбекстанда таныстырылды

Түркістан облысының әкімдігі Өзбекстан Републикасының туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің қолдауымен Ташкент және Бұқара қалаларында Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Road show ұйымдастырылды.

Отырарлық кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаның арқасында тігін шеберханасын ашқан

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту». Игілікті жоба Отырар ауданында сәтті жүзеге асуда. Өткен жылдың өзінде аталған бағдарлама аясында145 азамат шағын несие алып, кәсібін дөңгелетіп әкетті.

Арыстық балалар жазғы демалыстарын тиімді әрі қызықты өткізуде

«Нұр Отан» партиясы Арыс қаласының бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлады! «Қазығұрт Турбаза» демалыс аймағында жазғы демалыстарын өткізіп жатқан бүлдіршіндерге арнап концерттік бағдарлама мен сый-сыяпат ұсынды. Айта кетейік, лагерьдегі 137 баланың демалуына жағдай жасаған Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті болатын.

Түркістан облысы: сенаторлар Арыс қаласына арнайы сапармен келіп, құрылыс барысымен танысты

Бүгін Арыс қаласына арнайы жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев келді. Осы сапары кезінде сенаторлар қалада жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының тынысымен танысып, тұрғындармен кездесті.

Түркістан облысы: Иқанда диқаншылық ерекше дамыған

Кентауда егін шаруашылығы қарқын алған. Ал, иқандық ағайынды Нышанбаевтар 20 жылдан бері мақта өсірумен айналысады. Бүгінде шаруалар жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартып, өздерін де, өзгелерді де табысқа кенелтуде.

Түркістан облысы: отырарлық кәсіпкер 100 баланы бөбекжаймен қамтып отыр

Отырар ауданында туған елге тағзым ететін азаматтар көп деп айтуға болады. Солардың бірі - ауылдағы ағайынның мұңын сейілтіп, аудан орталығынан балабақша салып берді. Шәуілдірдің шеткі аумағында орналасқан бөбекжай қазір жергілікті 100 баланы мектепке дейінгі мекемемен қамтып отыр.