Түркістан: мүгедектігі бар азаматтарды қолдау шаралары әлеуметтік қызметтер Порталын енгізу арқылы жүргізілетін болады

Бүгінде Түркістан облысында 93 мың мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұр, бұл облыс халқының 4,7 %-ы, республика бойынша 13,4 %-ы. 2020 жылдан бастап мүгедектігі бар азаматтарды қолдау шаралары әлеуметтік қызметтер Порталын енгізу арқылы жүргізілетін болады. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді.

Түркістан: тұрғындар министрмен тікелей тілдесіп, мәселелерін ортаға салды

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов тұрғындарды қабылдады.

Түркістан: облыс әкімі көгілдір отынды пайдаланудың экологиялық және қаржылық тиімділігін түсіндіруді тапсырды

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппаратық мәжілісте қадап айтты. Қазір шаһардың тең жартысынан астам аумағында газ құбырлары жүргізіліп қойған. Құзырлы мекеме қызметкерлеріне халыққа көмірден гөрі, көгілдір отынды қолданған экологиялық әрі қаржы жағынан тиімді екендігін түсіндіру және қамтамасыз ету тапсырылды.

Түркістан: «Ұлағатты ұрпақ» жобасының алғашқы кездесуі өтті

Түркістандағы облыстық жастар ресурстық орталығында «Ұлағатты ұрпақ» жобасы аясында республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараевпен кездесу өтті. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған кездесуде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың журналистика бөлімінің студенттері мен түркістандық жастар спикерге сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Түркістандағы үйлерге жылу қайтадан беріле бастады

Түркістан қаласындағы жылусыз қалған көпқабатты тұрғын үйлерге жылу толық берілді. Айта кетейік, жылу құбырынан шыққан ақауға байланысты қаладағы 1 және 2-ші шағынаудандағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жылусыз қалған болатын. 

Түркістанда «Turkistan-jastar qalasy!» жастар фестивалі өтті

Түркістанда «Turkistan-jastar qalasy!» атты жастар фестивалінің қорытынды кезеңі мен жабылу салтанаты өтті. Жастар жылы аясында қолға алынған жобаны Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды. Шараның мақсаты – жастар арасында мәдениеттің дамуына ықпал ету және насихаттау, бос уақытты ұйымдастыру, талантты жастарды анықтау, сондай-ақ жас дарындардың шығармашылық тұрғыдан өсіп-өркендеуіне қолдау таныту.