Түркістан: облыс әкімі Келес ауданындағы әлеуметтік маңызы бар жобалардың жұмысын тексерді

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Келес ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік маңызы бар нысандарда болды. Алдымен аймақ басшысы Біртілек ауылдық округінде орналасқан «Абзал» және «Береке» шаруа қожалықтарында атқарылып жатқан жұмыспен танысты.

Түркістан: облыс әкімі Шардара ауданындағы бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысымен танысты

Аймақ басшысы іссапарын Жаушықұм ауылдық округіндегі бақша өнімдерін өсіретін «Тұрар» шаруа қожалығын көруден бастады. Қожалық өз алқабында алдымен қарбыз егіп, өнімін ертерек жинап алған. Артынша шілде айында қырыққабат пен қызылша, пияз өсірді. Жапония мен Швейцария, сондай-ақ Түркиядан сатып алынған заманауи технологияны пайдаланған шаруалар қымбат бағалы дән мен тамшылап суару әдісін қолданған. Нәтижесінде өнім сапалы әрі қалдықсыз шыққан. Қожалықтың жұмысымен танысқан облыс әкімі алдағы уақытта да әр ауылда осы екі кезеңді егіс жинауды жаппай қолға алуды тапсырды.

Түркістанда Арбат демалыс орны пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен қала орталығында Арбат демалыс орны ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов, Облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы, Түркістан қалалық еңбек және соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, Қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әбдіханов Әбдіқадыр қатысты.

Түркістан облысы: Отырарлық баспаналарға мердігер компания жөндеу жұмыстарын бастапты

Отырар ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай берілген көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғасы үш жылдың ішінде сөгіліп жатыр. Отырар ауданында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында пайдалануға берілген пәтердің қабырғалары өздігінен қирап жатқандығын пәтер иелері айтып өз наразылықтарын білдіруде. 

Арыс қаласы аз уақыт ішінде қалпына келіп, жаңара түсті

Бүтін бір қаланы қалпыра келтіру мақсатында жұмыла жүргізілген жүйелі де нәтижелі жұмыстардың арқасында Арыс қаласы небәрі 3 ай уақыт ішінде қалпына келіп, келбеті жаңара түсті. Бұл бұрын - соңды болмаған жағдай. Бүгінде жер-жерден келіп, Арысты қайта қалпына келтіруге атсалысқан секторлардың құрылысшылары алғыс арқалап, елдеріне қайтып жатыр.

Түркістан: облыс орталығын абаттандыру үшін 2 млрд теңге қаралған

Түркістанды жасыл қалаға айналдыру бағытындағы жұмыстар қарқын алды. Қазір, қаланы көгалдандыру ісі тек шаһар орталығында ғана емес шеткі аумақтарда да жүйелі жүргізіліп жатыр. Ол жұмысқа тек облыс орталығындағы жауапты мекемелер ғана емес, барлық салалық басқармалар мен аудан қала әкімдіктері жұмылдырылуда.