Түркістан облысы: Ордабасы ауданының 55 жылдығына орай 20 отбасы баспаналы болды

Түркістан облысы Ордабасы ауданының 55 жасқа толуына орай өткен дүбірлі тойға ҚР Премьер-Минстрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты. Аудан орталығы Темірлан қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткен салтанатты шараға келген билік басшылары халыққа құттықтауларын жеткізді.

Түркістан облысы: аудан әкімі мүгедектерге тарту жасады

Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай мүмкіндігі шектеулі отбасыға тарту жасады. Шардара қаласында тұратын Амангелді Жұматаев пен оның жұбайы Гүлзада Қанағаталиева бала күнінен мүгедектіктің қамытын киіп, мүмкіндігі шектелген жандар.

Түркістан: Жетісайда діни тұрақтылықты қамтамасыз ету тақырыбында семинар-кеңес өтті

Жетісай аудандық «Нұғман» орталық мешітінде дін қызметкерлерінің семинар-кеңесі болып өтті. Семинар-кеңеске арқау болған тақырып – қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, діни экстремиз мен терроризмнің алдын алу мәселелері болды. Аталмыш жиынға ҚазҰУ аға оқытушысы, Phd докторы Құдайберді Бағашаров пен М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті Ермек Бекбосынов, Жетісай ауданы мешіттерінің имам-молдалары қатысты.

Түркістан: шардаралық бүлдіршіндер жеңімпаз атанды

«Хан-Назар» ІІ Республикалық балалар фестивалінде шардаралық бүлдіршіндер жеңімпаз атанды. Шардара қаласы «Абай» мәдениет үйінде «Балақай» балалар қорының ұйымдастыруымен өткен «Хан-Назар» ІІ Республикалық өнер сайысына 4-17 жас аралығындағы балабақшалар мен мектептер, мектептен тыс мекемелерден 100-ден астам жас өнерпаздар қатысты.

Түркістан облысы: жылыту маусымындағы сақтық шаралары түсіндірілді

Түркістан облысында өрт жағдайы бүгінгі таңда былтырғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға өскен. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.Жүнісов мәлімдеді.

Түркістан облысы: «Жас кәсіпкер» жобасының ең жас түлегі өз кәсібін ашты

Түркістан облысы, Арыс қаласының тұрғыны Жанна Кемелбекова «Жас кәсіпкер» жобасына қатысып, бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Жанна Кемелбекова Арыс қаласының тұрғыны. Жасы небәрі 18-де. Бойындағы тігін өнеріне деген бейімділігі мен табандылығымен кәсіперліктің қыр-сырын меңгеру мақсатыныда «Жас кәсіпкер» жобасына қатысып,бизнес-жоспарын сәтті қорғап, грант иегері атанды. Қазір Жаннаның автокөлік жабындыларын тігетін өз ательесі бар.

Түркістан облысы: Арыс қаласында 100 отбасы баспаналы болды

Арыс қаласында қайырымдылық қордың есебінен бой көтерген «Баламекен» шағынауданынан 100 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов және Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов пен «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов жаңа қоныс иелеріне кілттерін табыс етті.