Шымкентте «Діни экстремизмнің алдын алу мәселелеріндегі жастардың ролі» тақырыбында екі күндік семинар өтуде

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен Шымкентте «Діни экстремизмнің алдын алу мәселелеріндегі жастардың ролі» тақырыбында екі күндік семинар өтуде.

Шымкент: аудан әкімдіктері жылу жүйесінде ақауы бар үйлердің мәселелеріне бей-жай қарамайды

Шымкентте жылуға қосылмай қалған 15 көпқабатты үй анықталды. Сала мамандарының айтуынша «Қуатжылуорталығы-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны орталықтандырылған жылу жүйесінен жылытылатын 1889 көпқабатты үйдің барлығының элеваторына дейін жылу жеткізген. Алайда бұл үйлердің жертөлелеріндегі құбырлардан ақау шыққан. Оны жөндеу тұрғындармен келісімшартқа тұрған қызмет көрсетуші мекемелердің міндеті дейді.

Шымкентте көпбалалы отбасылардың үйлеріне газ құрамын өлшейтін құралдар тегін орнатылуда

Шымкенттегі аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының үйлеріне газ құрамын өлшейтін аспаптар тегін орнатыла бастады. Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қолға алынып отыр. Тетікті тегін орнату үшін қайда бару қажет?

Ғасырлық тарихы бар газет өкілдері оқырмандарымен жүздесті

Бүгін Шымкент қалалық «Отырар» кітапханасында «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің 100 жылдығына орай редакция мүшелері шымкенттік оқырмандарымен кездесті. Алқалы жиынға "Egemen Qazaqstan" жалпыұлттық республикалық газеті басқармасының төрағасы Дархан Қыдырәлі, ел газетінің ардагерлері Сүлеймен Маметов пен Қарашаш Тоқсанбай, Оңтүстік өлкесі мен үшінші мегаполистің танымал қаламгерлері, белгілі журналистер, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева, БАҚ өкілдері, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар қатысты. 

Шымкент: Қаратау ауданы әкімі сайрамдықтардың сапалы ауызсумен толық қамтылатынын айтты

«Қазіргі таңда Сайрам тұрғын алабының жаңақұрылыс аумағында тиісті жұмыстар қарқынды жүріп жатыр»- деді ағымдағы жылдың 10 айындағы атқарылған шаруаларға есеп берген Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов. Сонымен қатар ол Сайрам тұрғын алабындағы құрылысы жүріп жатқан облыстық маңызы бар 4 көшені де ағымдағы жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарда екендігін атап өтті.