Шымкентте жылыту маусымына байланысты халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Төтеншеліктер жылыту маусымына дайындықты пысықтап, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Үгіт – насихат шаралары Шымкент қаласындағы Абай ауданында өтті. Сақтықта қорлық жоқ деп ұрандатқандар улы газдан сақтанудың жолын, алғашқы көмектің дұрыс жүргізілуін көрсетті.

Шымкентте қоғамдық көлік қызметіне талап күшейді

Шымкентте жолаушы тасымалдаушы компаниялардың ісін арнайы құрылған жұмыс тобы бақылауды бастады. Олар 10 күн бұрын сала жұмысына жауаптылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ескерту берді. Бұдан былай тәртіпке бағынбағандарға аяушылық жоқ. Қала билігі тасымалдау талаптарын бұзған компанияларды бірден жұмыстан шеттетін болды. 

Шымкентте «Бірге – таза Қазақстан» тазалық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан ұсынған «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясын жалғастыру мақсатында бүгін Шымкент қаласында сенбілік ұйымдастырылды.

Шымкентте екі жүзге жуық көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандыруды қажет етеді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандырып, балалар ойын алаңын салу қажеттігі туралы мәселе көтеріліп жүр.. Атап айтсақ, Әл-Фараби ауданы бойынша 672 көпқабатты тұрғын үйлер 400 аулаға біріктірілген.

Шымкент: «Қырғы базар» маңындағы ретсіз сауда жасаушыларға бос сауда орындары ұсынылған

Бұл туралы Шымкент қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 2019 жылдың 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша өткен баспасөз брифингінде аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов айтып берді.

Шымкент: Еріктілер жылы аясында шағын гранттар беріледі

Шымкентте Волонтерлік жылы қарсаңындағы жобаларды таныстыру мақсатында баспасөз брифингі өтті. Қазақстандағы Волонтерлік жылы қарсаңында Шымкент қаласының Волонтерлікті қолдау орталығы («Шымкент қаласының ACCESS бітірушілері «ASАА» жастар қоғамдық бірлестігі) «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ өкілдері «Волонтерлік бастамаларды дамыту үшін шағын гранттар бағдарламасын іске асыру» жобасын таныстыру мақсатында баспасөз брифингін өткізді.

Шымкент өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша республикада көш бастады

Шымкент қаласындағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 406,9 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл туралы Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Береке Дүйсебеков мәлімдеді.