Шымкентте ретсіз сауданы жою үшін базар ішінен тегін орын беріледі

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Орталық қырғы базардағы соңғы уақытта үлкен мәселеге айналған ретсіз сауда орындарын аралады. Аталған жұмыс сапары аясында Ерлан Қуанышұлы қала базарларындағы заңбұзушылықтармен танысып, сатушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жолда тұрмауын және базар басшылығы тегін орынмен қамтамасыз ететінін жеткізді.

Шымкентте жаңа жылға дейін тағы бір мамандандырылған ХҚКО ашылмақ

Шымкентте 11 Халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Оларда 800-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша, 1 млн. 350 мың қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 2 пайызға артық.

Ерлан Айтаханов: «Халықтың әл-ауқаты мен тұрмысын көтеру - басты мақсатымыз»

«Асар-2» шағынауданына барған Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов осылай деді. Аталған ауданның тұрғындарымен кездескен шаһар басшысы бірнеше мәселелерді өз көзімен көріп, халықпен сұхбаттасты.  Сапалы ауыз су, табиғи газ, электр жарығы және жол мәселесін көтерген тұрғындар бұл проблемалардың ұзақ жылдар бойы шешілмей жатқандығы жөнінде назын айтты. Өз кезегінде Ерлан Қуанышұлы аталмыш проблемалармен құлағдар екенін айтып, тұрғындармен жеке кездесу үшін арнайы келгендігін жеткізді.

Шымкент: «Мың бала» мектебі оқу жылының екінші тоқсанында ашылатын болды

Шымкент қаласы Нұрсәт шағын ауданындағы бұрын монша болған ғимараттағы мектеп оқу жылының екінші тоқсанында қолданысқа беріледі. Бұл шешім №80 мектеп-лицейінің аталған ғимаратында «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Мәдәліұлының басқаруымен және қалалық білім бөлімі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, әділет департаменті, мектеп басшылығы, ғимарат иесі мен қалалық қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен жиында қабылданды.

«High Vill Kazakhstan» компаниясы Шымкентте тұрғын үйлердің құрылысын бастады

Шымкент қаласының әкімі «High Vill Kazakhstan» компаниясының президенті Ко Денг Хенді қабылдады. Аталған басқосуда тараптар «Shymkent City» тұрғын үй кешені жайында сөз қозғап, қала әкімі Е.Айтаханов Шымкенттің дамуы басты назарда екенін, қала орталығын ерекше үлгіде қалыптастыруды көздеп отырғанын жеткізді.

Шымкент: Атаулы әлеуметтік көмекке жүгінетіндердің тең жартысы көпбалалы отбасылар

Атаулы әлеуметтік көмектің әлегі азаяр емес. Шымкент қаласында өткен жылмен салыстырғанда өтініш берушілер саны 7 есеге артқан. Алайда, олардың арасынан 5940 отбасының оған мұқтаж еместігі анықталған. Жасыратыны жоқ, әл-ауқаты жақсы болса да, мемлекеттен көмек алғысы келетін масылдар саны артып барады дейді мамандар.

Шымкентте ерекше сенбілік өтті

Шымкент қаласындағы №38 мектептің ауласын тазарту жұмыстарына тек әкелер қатысты. Олар ұлдарымен қатар жүріп, бірге ағаш егіп, бүлінген, сынған тетіктерді жамады. Бұл іс-шара жас буынды үлкеннен үлгі алуға үндеді.