Түркістан облысы: Жетісай ауданында Тұңғыш Президент күні мерекесі аталып, 100 дана шырша көшеті отырғызылды
Жетісай аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Оған Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, Жетісай қаласының әкімі Тұрышбек Елшібаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Тойым Жүнісов, ардагер-ғалым Бегім Серіков, еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.