Түркістанда «ақылды квартал» жобасы жүзеге асырыла бастады
Түркістан облысында Цифрландыру орталығы отандық IT-жүйелерін әзірлеушілермен бірлесіп Түркістан қаласында бірнеше пилоттық жобаларды жүзеге асыруда. Мәселен, ағымдағы жылдың желтоқсан айында Түркістан қаласының қоғамдық көліктерінде электронды билеттеу жүйесі жұмысын бастайды. Сонымен қатар, облыс орталығындағы Отырар шағын ауданында көп пәтерлі 10 үйді қамтитын «Ақылды квартал» жобасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының Цифрландыру орталығының басшысы Асылбек Жанғұлов айтып берді.