Түркістан облысы: Келес ауданында облыстық Әдеп жөніндегі уәкіл азаматтарды қабылдайды

Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Мұхиденұлы Әлішев 2019 жылғы 19 желтоқсан күні сағат 15.00-де Келес ауданы әкімі аппаратының ғимаратында (Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №89) мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау өткізеді. Бұл туралы Келес ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі хабарлады. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданы бақша өнімдерін 276,7 пайызға артық орындап, облыста үздік атанды

Шыбық шаншысаң, шынар өсетін Жетісай өңірінің шаруалары үшін биыл өте қолайлы жыл болды. Олай дейтін себебіміз, аудан Түркістан облысы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай өткізілген «Алтын күз-2019» мерекесі аясында «Бақша» өндіруші және «Жылына бір жерден 2-3 рет өнім алу» номинациялары бойынша Жетісай ауданы облыс бойынша ең үздік ауданы болып табылды. 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары қоларбаға отырып, қаладағы пандустарды тексерді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен шаһар басшысы Рашид Аюпов тротуарлардың сапасын білу үшін және қаладағы пандустардың ыңғайлылығын тексеру үшін қаланы қоларбамен аралап өтті. 

Түркістан облысы: Кентауда «Қарашық» тарихи - этнографиялық музейі ашылды

Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылының 2000 жылдығына орай «Қарашық» тарихи-этнографиялық музейі ашылды. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Қарашық ауылдық округі әкімдігінің бірлесуімен қолға алынған музейдің лентасын ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев пен музей ғимаратын салған демеуші Хабиббулла Азимов, Кентау қалалық Ақсақалдар алқасының төрағасы Мұрат Абдуллаевтар қиды.

Түркістан: Жетісай қаласында жұмыссыздықпен күрес күшейген

Түркістан облысы, Жетісай қаласында өткен 9 айдың қорытындысы бойынша экономикалық белсенді халық саны артқан. Жетісай қаласында 2019 жылы инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамту ісі бойынша 152 нысанға жергілікті жұмыссыздар тартылған болса, 2 азаматқа жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 15,8 млн теңге несие берілген.

Түркістан: Сот төрағасы азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдады

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбеков тұрғындарды қабылдады. Облыстың әрбір аймағынан келген тұрғындар жеке мәселелері бойынша арыз-шағымдарын айтып, шешілмей жүрген мәселелерін жеткізді.

Қазығұртта жер қойнауын өз бетінше пайдалануды болдырмау жөніндегі жұмыс тобының мәжілісі өтті

Қазығұрт ауданының прокуроры Қорғанбаев Батыр Ноғайбайұлы ауданы аумағында жер қойнауын өз бетінше пайдалануды болдырмау жөніндегі жұмыс тобымен шұғыл мәжіліс өткізді. Шұғыл мәжіліске Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Т.Қалымбетов, аудандық кәсіпкерлік, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің және жергілікті полиция қызметінің басшылары, прокуратура мен аудандық полиция қызметкерлері қатысты.

Түркістан: облыстың бас полицейі тұрғындардың мәселелеріне құлақ түрді

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков тұрғындарды қабылдады.

Түркістан облысында автожолдарды қысқы маусымға дайындау жұмыстары пысықталды

Түркістан қаласында облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарасты «Оңтүстік жолдары» МКК мамандарының қатысуымен 2019-2020 жылдары қыс мезгілінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарының дайындығы туралы жиын өтті. Басқосуда қысқы кезеңде автожолдарды күтіп ұстау бойынша атқарылып жатқан және қолға алынатын жұмыстар жайы пысықталды.