Арыс қаласында қарағандылықтар құрылысты қарқынды жүргізуде

Арыстағы ең көп тұрғын үйлер мен жеке секторлар орналасқан жер - бесінші бөлікте. Бұл аумақтың құрылысы Қарағанды облысына жүктелсе, тұрғындар мәселесін төлебиліктер реттеп отыр. Қазір сектордағы құрылыс қарқынды.Қарағандыға берілген секторда 11 көпқабатты тұрғын үй бар. Барлығының дерлік терезесі шытынап, есіктері зақымдалған. Жағдайды бақылап, тиісті шешім шығарған мердігер компания барлығын түгел ауыстыруда.

Түркістан қаласының жаңа әкімі тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады

Түркістан қаласының жаңа басшысы Рашид Аюпов халықпен кезекті кездесуін жалғастыруда. Қалаға қарасты мөлтек аудандарға арнайы барып, бұқараның қордаланған мәселелерімен тікелей танысып жүр. Тұрғындармен тілдескен әкім, Түркістанды түлету бағытындағы тың жоспарлармен де бөлісті.

Түркістан облысы: «Бастау бизнес» жобасы көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетуде

Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Бастау бизнес» жобасы өз жұмысын жалғастыруда. Мақсат өңірдегі қаржылық сауаттылықты арттыру, жаңа бизнес көздерін ашу. Бүгінде Шардара ауданында жобаның 2 лектегі тыңдаушылары оқуды аяқтап, бизнес жоспарларымен бөлісті.

Түркістан: «Арыс локомотив» депосында жағдай қалыпқа келді

«Арыс локомотив» депосында орын алған өрт ауыздықталып, жағдай толық қалыпқа келтірілді. Ал әлеуметтік желіде таралған «Луна бомбасы жарылады», - деген жалған ақпаратқа байланысты да мамандардың айтары бар. Сондай-ақ, Арыс қаласындағы жағдайдың дәл бүгінгі көрінісі көпшілікке қызық. Осы сауалдардың жауабын тиісті сала мамандары баспасөз брифингінде баяндады.

Арыс қаласында 14 кәсіпкер жеңілдетілген несие алуға өтініш берген

Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру жұмыстары басталып кетті. Қазір «Қамқор» бағдарламасымен халықты ақпараттандыру, құжат жинау және рәсімдеу кезеңі жүргізілуде. Азаматтарды әурелемеу үшін Арыстағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ғимаратында барлық құжатты реттеуге мүмкіндік қарастырылған. Оған мамандар да кеңес беріп, көмегін аямайды. Қазірдің өзінде 14 кәсіпкер 1 пайыздық несие алуға өтініш беріп үлгеріпті.

Түркістан облысы: Әліпбек Өсербаев Ордабасы ауданындағы бірқатар нысандарды аралап шықты

Аудан әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев бүгін Қажымұқан ауыл округін аралап, шешімін күткен мәселелерге қанық болды. Темірландағы әкімдік бөлімдеріне арналған ғимараттың, 300 және 600 орындық үш мектептің құрылысымен, «Самал 2,3» мөлтек аудандарындағы инфрақұрылым жүргізу барысымен танысты.

Түркістан облысы: келестік шаруалар Арыста өткен жәрмеңкеде белсенділік танытты

Бүгін Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл жәрмеңкеге Келес ауданының шаруалары да белсенді атсалысып 7,5 тонна өнім ұсынған.

Мақтааралдықтар Арыста өткен жәрмеңкеге 9 тонна өнім алып барды

Бүгін Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Арзан бағамен сатылып жатқан өнімдер арыстықтарға елеулі көмек болып тұр. Бұл туралы Арыс қаласының 8-ші секторына жауапты Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков хабарлады.

Арыс қаласында түнде де құрылыс жұмыстары жүріп жатыр

Арыс қаласын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Жалпы, қалада 8401 үй тіркелсе, оның 7097-сі зақымдалған. Сонымен бірге 104 көпқабатты үйдің 94-іне жөндеу жұмыстары тағайындалған. Сондықтан осы үйлерді жылдам әрі сапалы жөндеу, қалпына келтіру үшін құрылысшылар түнде де жұмысты жалғастырып келеді.

Түлкібаста су жаңа спорт кешені пайдалануға беріледі

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Састөбе кентінде «Спорт күні» мерекесіне орай жаңа спорт кешені халық игілігіне берілетін болды. Састөбелік жастар жаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен қарсы алмақ. Себебі тамыз айының үшінші аптасы, яғни спорт күні мерекесіне орай кент орталығынан 240 адамға есептелген су жаңа спорт кешені пайдалануға берілуі жоспарлануда.