Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтың басшылығымен Төлеби ауданы, Қасқасу елді мекені, ««Еco Village Кaskasu» демалыс аймағында «Қасқасу» тау-шаңғы курортын дамыту бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен «дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдар, Dianeige France, STEM International France,MND Group Franceсияқты халықаралық компаниялардың сарапшылары, РФ және ҚР халықаралық шаңғы федерациясының инспекторлары және қазақстандық компаниялар «Гео дата плюс» ЖШС және «ASP Project company» ЖШС қатысты. Жиынға қатысқан барлық компаниялардың тау-шаңғы курортын құру және дамыту бойынша үлкен тәжірибесі бар.