Түркістан: Үкімет басшысы Арысқа апта сайын келіп тұратын болды
«Арысқа апта сайын келіп тұрамын». Премьер — министр осылай деді. Арыс қаласына жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин қаланың қалпына келтіру шаралары мен тұрғындардың жағдайы жіті бақылауында екенін жеткізді. Құрылыс жүріп жатқан обьектілерді шолып шыққан Үкімет басшысы жауаптыларға бірқатар тапсырмалар да берді.