Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Мақтаарал ауданында халық саны аз қоныстанған Солтүстік, Шығыс Қазақстан облыстары мен Павлодар қалаларының бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Мақтаарал ауданында халық саны аз қоныстанған Солтүстік, Шығыс Қазақстан облыстары мен Павлодар қалаларының бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
«Сапалы жол - Түркістан Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен Түркістан облысының Отырар ауданында мемлекеттік бюждет қаржысы есебінен салынған жергілікті жолдарға мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысына келген «Денсаулық» медициналық пойызы теміржол бойында барлық ауылдарға медициналық көмек көрсететін болады. Қазақстанның шалғай жатқан теміржол стансаларына аялдайтын пойыздың сапары биылғы жылдың 21 желтоқсанында аяқталады. 240 күн ішінде теміржол бойында орналасқан ауылдардың тұрғындарына шамамен 230 млн теңгенің қызметі көрсетілмек. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл соңында Түркістан облысында ата-аналар ассосациясы құрылады. Оның құрамындағы түрлі ұйымдар тікелей бала тәрбиесімен айналысатын болады. Бұл туралы Түркістанда өткен облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген төралқа мәжілісінде облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев айтты.
Жетісай ауданындағы мектептердің маңына арнайы манекендер орнатыла бастады.
Алдағы уақытта Түркістан облысында үстел ойындарына арналған спорт мектебі ашылады. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев айтып өтті.
Жетісайда көпбалалы ана мемлекеттен грант алып, кәсібін кеңейтіп отыр. Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қазыбек би ауылдық округі Әбибулла ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Айгүл Жансейітова бүгінде кәсібін кеңейтіп, мемлекеттік қолдауының шарапатын көріп отырған жан.
Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасында облыста түйе шаруашылығымен айналысатын ферма басшыларына жиын ұйымдастырылды. Түйе шаруашылығын дамыту және сүт өңдеу зауытын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында қаржы институттарының өкілдері түйе фермерлеріне елімізде мал шаруашылығын дамытуға арналған барлық жеңілдіктер, несиелер мен субсидиялар туралы айтып берді.
Түркістанда дәстүрлі «Ясауитану - 2019» байқауы басталды. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Ұлы даланың ұлы есімдерін» ұлықтау мақсатында және Жастар жылына орай дәстүрлі «Ясауитану - 2019» республикалық байқауы басталды.
Түркістан облысында оқушылар уақытша ұстау абақтысында болып қайтты. Бәйдібек АПБ бастығының Кадр саясаты жөніндегі орынбасары Ж.Мамыров Бәйдібек аудандық білім бөлімімен 2019-2020 оқу жылына арналған бірлескен жұмыс жоспарына сай білім беру мекемелеріндегі тәртібі қиын оқушылармен кездесті.