Созақтық диқандар өнімдерін шетелге экспорттауда
Созақ ауданының бағбандары өткен жылы қауын-қарбыз егіп, экспортқа шығарған болатын. Бұл істі биылғы жылы да қолға алып отыр. Созақ ауданының диқандары 15 келіден асатын қарбызды егіс алқабынан жинап алуда. Демек, шаруалар биылдан бастап қауын-қарбыздарын шетелге саудалайтын болады.