Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында жаңадан босанған аналарға құрмет көрсетілді
Бәйдібек ауданында 6 шілде – Нұр-Сұлтан қаласы күні және «Ұлттық домбыра күні» мерекесі аясында туылған алғашқы сәбиге домбыра сыйға тартылды.
Бәйдібек ауданында 6 шілде – Нұр-Сұлтан қаласы күні және «Ұлттық домбыра күні» мерекесі аясында туылған алғашқы сәбиге домбыра сыйға тартылды.
Бүгінде Кентау қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінің аулаларындағы ішкі жолдарына құрылыс жұмыстары басталып кетті. Мамандардың айтуынша, кезең-кезеңімен жүріп жатқан құрылыс әр жыл сайын жүзеге асырылып, барлық ауланың ішкі жолдарын реттеу жоспарланған.
Бүгін Әзірбайжан Республикасының Президенті жанынан құрылған азаматтарға және әлеуметтік инновацияларға қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік агенттігі, «ABAD» заңды тұлғасы мен Қазақстан Республикасы, Түркістан облысының әкімдігі арасында қолөнер саласындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық келісім жасалды. Келісімге «ABAD» ұйымының директоры Руфат Эльчиев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев қол қойды.
Арыс қаласында бірде-бір балабақша жұмыс істеп тұрған жоқ. Жарылыс кезінде білім ошақтары ғимараттарының барлығына да зақым келген. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Қадырбектің қатысуымен өткен брифингте айтылды.
Бүгін аудан әкімі Н.Тұрашбековтың төрағалығымен аудан әкімдігі мәжілісі өтті. Аудан әкімдігінің мәжілісіне аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық мәслихаттың хатшысы және депутаттары, ауданның бірқатар мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Бүгінгі таңда «Кентау» ЖШС-не тиесілі барлық бау көлемі 210 гектар болса, оның ішінде қарқынды бау көлемі 160,0 гектарды құрайды. Аталмыш серіктестік «фуджи», «голден делишес», «айдалет», «редделишес», «семерянка» сынды алма сұрыптарынан өнім алады. Экологиялық тұрғыда таза Түлкібас алмасын соңғы замануи талаптарға сай соғылған, сыйымдылығы 2000 тоннаға дейін қауқарлы арнайы қоймада сақтап, қыс мезгілінде еліміздің әр өңірінің сауда орталықтарына өткізеді.
Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков шілде айының бірінші аптасында аудан орталығы мен елді мекендердегі құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Ең әуелі Шахта Тоғыс елді мекеніндегі аудандық маңызы бар КХТЛ-34 «Ленгір - Шахта Тоғыс» автомобиль жолындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан көпірдің басына арнайы барды.
Түркістан облысы әкімінің Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішев Мақтаарал ауданына арнайы іссапармен келіп, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен семинар-кеңес өткізді. Ондағы мақсат – Әдеп кодексі заңнамаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында пікір алмасу.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Арыс қаласының орталық алаңында жергілікті тұрғындарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 50-ге жуық тауар өндіруші, 180 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері қойылды. Өнімдер қала тұрғындарына базар нарқынан 30 пайызға төмен бағада ұсынылды.
Арыс қаласын жарылғыш заттардан түгелдей тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Шаһар тұрғандары үшін айта кетер жайт, қауіпті деп танылған заттарды байқаған жағдайда 102, 112 нөмірлеріне хабарласу керектігін ескертеміз! Бұл туралы Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өткен брифингте ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Ермиян Бятов мәлімдеді. Оның сөзінше, қазіргі таңда тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ.