Түркістан облысы: арыстықтар үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына 213 млн теңге аударылған
Арыстағы оқиға қоғамды ізгілік жолында біріктірді. Облыстан ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен отандастарымыз арыстықтарға көмек қолын созуда. Кеше, 2019 жылдың 24 маусымында Түркістан облысында «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорында арнайы есеп-шот ашылған болатын.