Түлкібас ауданында суармалы жердің көлемі ұлғая түскен
Түркістан облысы Түлкібас ауданында ауылшаруашылық өнімінің көлемін ұлғайту үшін суармалы жерлердің аумағы ұлғаюда. Осы орайда су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы Республикалық мемлекеттік мекемесінен 2018-2023 жылдар аралығына (жылдық лимит) 136,7 млн. м3 ағын суды пайдалануға рұқсат алынды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді.