Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында тұқымбақтың жұмысы жанданып келеді
Тұқымбақ жылына 1 млн. көшет өндіреді. Онда алма, алқоры, алша, жүзім және шие сияқты жеміс-жидек түрлері мен тропикалық және экзотикалық өсімдіктердің де көшеттері бар.
Тұқымбақ жылына 1 млн. көшет өндіреді. Онда алма, алқоры, алша, жүзім және шие сияқты жеміс-жидек түрлері мен тропикалық және экзотикалық өсімдіктердің де көшеттері бар.
Жаңаауыл ауылдық округінің Ынтымақ елді мекенінде есігін айқара ашқан білім ұясы 600 орынға лайықталған. Жалпы сметалық құны – 1 млрд. 87 млн. теңге. Заман талабына сай салынған ғимаратта оқушылар асханасы, химия, биология кабинеттері және мәжіліс пен спорт залдары бар.
Түркістан облысындағы агроөнеркәсіптік кешендер цифрлық форматқа көше бастады. Мәселен, Сарыағаш ауданында автоматтандырылған жүйе енгізілген жылыжай жұмыс істейді. Қызанақ өсірумен айналысатын шаруашылық жаңа технологияны енгізу арқылы өнім көлемін екі есеге дейін арттырыпты.
Мақтаарал ауданындағы мақта өңдеу зауыты сандық технологияның игілігін көріп отыр. ТМД-да теңдесі жоқ саналатын кәсіпорын АҚШ-тың заманауи технологиялық құрал-жабдықтарымен қамтылған.
Түркістан облысының жастары енді Халыққа қызмет көрсету орталығына сабылмайтын болды. Олардың енді өз қызмет көрсету орталығы бар. Аграрлық салаға маман дайындайтын колледжде алғаш рет «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» ашылды.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастырумен Түркістан қаласындағы М. Мәметова және №19 жалпы орта мектептерінде «Ұлттық құндылықтарымыздың рухани жаңғыруы» көрмесі өтті. Шара аясында шәкірттер музей қызметкерлері Оразов Талғат пен Берікбай Абдрасиловтің Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты музей қорындағы тарихи мұралар және кесене ғимаратының архитектурасы мен құрылымы, онда сақталған кұнды жәдігерлер жайында лекциясын тыңдады.
Түркістан облысында мектепке интернет арқылы орналасуға болады. Енді мұғалімдер жұмысқа кіру үшін таныс-тамыр іздемейді. Облыстың барлық мектептерінде jumys.sitcen.kz порталы іске қосылып, бос жұмыс орындары осы жүйеге орналастырылған.
«Балалар үшін тегін ІТ сыныптар» партиялық бастамашыл жобасы аясында бүгін Ордабасы ауданындағы «Кәусар» мектеп гимназиясында алғашқы ІТ-сыныбы ашылды. Балалардың қуанышына ортақтасқан «Нұр Отан» партиясы ТОФ төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева бұл игілікке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қол жеткізілгенін, мемлекет дамуының ендігі кезеңі «Цифрлы Қазақстан» жүйесімен жалғасатынын, ол үшін жастарға үлкен үміт артылатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру аясында «Отандастар қоры» ұйымының Түркістан облысында «Туған жерге тағзым» іс-шарасы өткізілмек. Аталған шараға шекара асып келген қонақтар Отырар ауданына арнайы келіп, Арыстанбабтың кесенесіне зиярат етті.
Отырар ауданындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының базасында IT-сынып ашылды. Сыныпта оқушыларды робототехника, 3 Д модельдеу, анимациялық фильмдер мен киберспорттық ойындар жасау ісіне баулымақ. «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында ашылған IT-сынып «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы және Отырар ауданы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып отыр.