Түркістан облысында кеден бекеттері жаңғыртылуда
Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті шекаралық кеден бекеттердің аумағын кеңейту, толық қайта техникалық жарақтандыру және өткізу қабілеттілігін ұлғайту жұмыстарын жүргізуде. Кедендік әкімшілендіруді оңайлату жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыста бірқатар кеден бекеттерінде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.