Түркістан: тұрғындар министрмен тікелей тілдесіп, мәселелерін ортаға салды

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов тұрғындарды қабылдады.

Облыс басшысы Түркістандағы құрылыс нысандарын аралады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Аймақ басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді. Облыс басшысы алдымен салынып жатқан Әкімшілік-іскерлік орталығында болды. Бүгінде ғимараттың құрылыс жұмыстарын 2019 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда онда облыстық әкімдік пен басқармалардың және департаменттердің ғимараттарының құрылысы жүруде.

Түркістан облысында 140 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысы өтті. Онда елдің аумақтық-кеңістікті дамуының болжамды схемасын әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ индустрияландыру және жаңа технологияларды енгізу аясында ядролық өнеркәсіп саласындағы заманауи технологияларды дамыту мәселелері талқыланды.

Түркістан: облыс әкімі көгілдір отынды пайдаланудың экологиялық және қаржылық тиімділігін түсіндіруді тапсырды

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппаратық мәжілісте қадап айтты. Қазір шаһардың тең жартысынан астам аумағында газ құбырлары жүргізіліп қойған. Құзырлы мекеме қызметкерлеріне халыққа көмірден гөрі, көгілдір отынды қолданған экологиялық әрі қаржы жағынан тиімді екендігін түсіндіру және қамтамасыз ету тапсырылды.

Түркістан: «Ұлағатты ұрпақ» жобасының алғашқы кездесуі өтті

Түркістандағы облыстық жастар ресурстық орталығында «Ұлағатты ұрпақ» жобасы аясында республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараевпен кездесу өтті. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған кездесуде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың журналистика бөлімінің студенттері мен түркістандық жастар спикерге сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Түркістанға іссапармен келді

Түркістан облысына іссапармен келген «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Арыс және Түркістан қалаларындағы құрылыс нысандарын аралады. Алдымен қор қаржыландыруымен күрделі жөндеуден өткен «Ақнұр» балабақшасында болып, балғындармен тілдесті. 65 жыл бұрын кірпіші қаланған ғимарат апат кезінде зардап шеккен. Бұдан кейін батырлар Аллеясын жаяу аралап өтіп, Арыс қаласының ақсақалдарымен кездесті. Жергілікті қариялар өз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Түркістан: Рухани келсім күні аталып өтті

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағында Рухани келісім күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Ел бірлігін насихаттаған жүздесуді Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырды.

Түркістан: спортшыларға сый-құрмет көрсетілді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов халықаралық спорт жарыстарының жүлдегерлері мен олардың бапкерлерімен кездесті. Басқосуға самбодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, Әлем чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы Әбдісадық Халилаев, Бокстан біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы Алмас Қуатбеков, Дзюдодан жоғары санатты жатықтырушы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мәди Құрымбаев қатысты.

Түркістан: Өмірзақ Шөкеев Ясауи кесенесіне енгізілген жаңа кіру жүйесін сынақтан өткізді

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілердің жайлылығы үшін кіру билеттерін сайт арқылы онлайн сатып алу және Кесене аумағында орналасқан терминалдар аркылы билеттер алып, турникеттерге QR-код скан арқылы кіру мүмкіндігі енгізілді. Жаңа жүйені алғашқы болып облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев сынақтан өткізді.

Түркістанда апталық аппарат мәжілісінің кеңейтілген отырысы өтті

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен аппарат мәжілісінің кеңейтілген отырысында бірнеше маңызды мәселелер қаралды. Күн тәртібінде алдымен Арыс қаласында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары мен мен жол, кәріз жүйелерінің жаңаруы жайлы соңғы мәліметтер мен 2020 жылдан бастап елімізде енгізілетін атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің жаңа тәсілдері талқыланды. Сондай –ақ, Түркістан қаласын көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары барысы бандалды.