Арыс қаласындағы экономикалық-әлеуметтік даму жұмыстары жаңа қарқында жалғасын таппақ
Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында өткен апталық аппараттық мәжілісте айтты. Отырыста Арыста атқарылып жатқан жұмыстар мен жол, кәріз жүйесі және құрылыстың құжаттандыруы жайлы соңғы мәліметтер талқыланды. Жиында Нұр-Сұлтан, Ақмола, Ақтөбе, Шымкент, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының өкілдері құжаттарды толық рәсімдеп, орталыққа тапсыру жағын кешіктіріп жатқаны жайлы айтылды. Облыс басшысы бұл мәселені жылдамырақ шешуді тапсырды.