Өмірзақ Шөкеев: Арыста жүргізілген ауқымды жұмыс бәріміз үшін баға жетпес тәжірибе болды

Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан бірнеше сектордың құрылысшылары жұмыстарын уақтылы аяқтап, елдеріне қайтып жатыр. Ол секторлардың барлығында күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталған.

Өмірзақ Шөкеев Ордабасы мен Сайрам аудандарына іссапармен барды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданының шаруаларымен кездесті. 20 жылдан астам уақыт егіншілікті кәсіп еткен «Ақ-Орда-Б» ЖШС-і биылдан бастап жылына 2 рет егін жинауды қолға алған. Ерте көктемде Голландиялық картоп егіп пайда көрген кәсіпкер артынша қырыққабат отырғызған.

Түркістан облысынаҚР Премьер-министрінің орынбасары арнайы жұмыс сапарымен келді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен нысандарды қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексеріп, Түркістан қаласының әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік маңыздағы нысандарының құрылыс алаңдарын аралады. Жұмысшы топ Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге алдымен қайырымдылық қордың қаражатына салынған тұрмысы төмен отбасыларға арналған 50 үйден тұратын жаңа шағын ауданның құрылыс барысымен танысты.

Жоғары сот төрағасы Ж.Асанов Түркістан облысына арнайы іссапармен келді

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының «Open Space» форматында ашылған Қоғамдық қабылдау кеңсесінің жұмысымен танысты. Қала орталығында орналасқан кеңседе облыс тұрғындары электронды түрде арыз-шағымын тіркетіп, тиісті жауабын ала алады.

Түркістанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Алқалы жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен облыстық басқармалардың басшылары, сондай-ақ бейнеконференц байланыс арқылы аудан-қала әкімдері қатысты.

Түркістан құрама командасы Ақтөбеде өткен ұлттық спорт сайысынан жеңіске жетті

Ақтөбе қаласында қазақтың ұлттық спорт түрлерінен өткен фестиваль өз мәресіне жетті. 4 жылда бір өтетін спорт додасында жалпыкомандалық есепте жеңіске жеткен Түркістан облысының спортшылары бірінші орынды қанжығаға байлады.

Түркістан: жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесі талқыланды

Түркістан облысында «Ашық бюджеттік интерактивті картасы» жүзеге асып, мемлекеттік мекемелерде «Халықтық кеңсе» ашылмақ. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің басқаруымен өткен жиында айтылды. Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесі талқыланған басқосуда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілдері, аудан – қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысты.

Түркістан облысында экспорт көлемі 67 пайызға артқан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке экспортқа бағытталған компанияларға мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыруды тапсырған болатын. Осыған орай, Түркістан облысында отандық тауар өндірушілердің экспортын ілгерілету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. «Turkistan Invest» фронт-офисі құрылып, инвестициялар тартумен қатар аймақтық экспортты дамытумен белсенді айналысып келеді.

Түркістанда «Мейірім шуағы» өнер фестивалі өтті

Түркістан қаласындағы «Арбат» алаңында «Мейірім шуағы» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мерекелік шарасы өтті. Осымен он үшінші рет өткізіліп отырған өнер сайысының мақсаты – мүмкіндігі шектеулі дарынды да өнерлі балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету болып табылады.

Түркістан: облыс әкімі Сайрам ауданындағы бірқатар нысандарды аралады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданына іссапарын Жібек жолы ауылдық округіндегі «Төменгі Аққала» каналында жүргізіліп жатқан механикалық тазалау жұмыстарын тексеруден бастады. Ауданның егістік аумағы 60 мың гектардай жерді алып жатыр. 18 500 гектары – суармалы. Онда ағын су коммуналдық және жеке меншіктегі су арналары арқылы жеткізіледі.