Түркістандықтар Жолдаудың басым бағыттарын талқылады

Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығында «Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың халыққа Жолдауы: әлеуметтік және қоғамдық жаңару бағыты» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді. Аталмыш іс-шараны Еуразиялық интеграция институты мен Түркістан облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. «Дөңгелек үстелдің» мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жолдауда ұсынған басым міндеттерін талқылау. Жиынға жоғары білім жүйесінің, ардагерлер кеңесінің өкілдері, жастар мен кәсіпкерлер қатысты.

Түркістан: Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданына іссапармен барды

Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы ең алдымен ауданындағы «Отан Ана» шаруа қожалығының дала жұмыстарымен танысты. Мұндағы диқандар жоңышқа, дәнді жүгері, қарбыз және басқа да көкөністерді егумен айналысады. Достық ауылында орналасқан шаруа қожалығы 73,9 гектар алқапта орналасқан. Шаруалар соңғы жылдары кеңінен қолданатын тамшылап суару әдісінің тиімділігін көруде.

Облыс әкімі Түркістандағы құрылыс алаңдарын аралады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты сала жетекшілерімен бірге Бекзат Саттарханов даңғылының бойында орналасқан «Желілік саябақ» жобасының барысын бақылап қайтты. Құрылыс қазаны қайнаған аумақты аралап шыққан аймақ басшысы жауапты мамандарға бірқатар тапсырма берді.

Түркістанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай ғылыми конференция өтті

Түркістанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған ғылыми конференция өтті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт, Елбасының курстасы Асетулла Каримов, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан жоғарғы медицина колледжінің жастар ұйымының төрағасы Дүкенбай Бақытжан Әбенұлы қатысты. 

Түркістан облысы: Қазығұрт Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні атап өтілді

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесі ерекше, себебі Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен құрылысына Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен үлес қосқанын айқын көрсетеді және Қазақстанның даму жолын түсіну үшін тағы бір мүмкіндік береді. 

Түркістан облысы: Өмірзақ Шөкеевтің сынына бірқатар аудан әкімдері ұшырады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен жиында республикалық бюджет қаражатының игерілу барысы, Түркістан қаласының дамуы мен атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы, ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы көрсеткіштер талқыланды. Жиналыста бірқатар аудан әкімдері мен басқарма басшылары Өмірзақ Естайұлының сынына ұшырады.