Түркістан облысының прокуроры азаматтардың арыз-шағымын тыңдады
«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облысының прокуроры Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы бір топ азаматты қабылдады. Облыстың бірнеше аймақтарынан келген 11 тұрғын партия ұсынған мүмкіндікті пайдалана отырып, өздерін мазалаған мәселелер бойынша талап-тілектері мен арыз-шағымдарын айтты.