Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті діни ұйымдардың алдын алу мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелерінің семинары өтті. Шарада ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің біліктілігін көтеру, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе, интернет пен әлеуметтік желіде сақтану шараларын жетілдіру мен қоғамда кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру жайы сөз болды.