ТҮРКІСТАН: Шардарада тазалық пен ауыз су шешімін тауып келеді

Туризмнің ошағы саналатын шағалалы ауданның орталығында тазалық жұмыстары мен ауызсу мәселесі оң шешімін тапқан. Бүгінде Шардара қаласындағы 5227 үйдің 94 пайызы құбыр суымен толық қамтылған. Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1983-жылы салынған су торабына үздіксіз жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысы: Арыс қаласында 2680 үйдің құрылыс жұмыстары бітті

Арыс қаласында құрылыс жұмыстары тәулік бойына жалғасу үстінде. Бүгінгі таңда зақымданған және жарамсыз деп танылған 7611 үйдің 4641-інде жөндеу жұмыстары өз уақытымен жүріп жатыр. Оның орындалуы 60,05 пайызға жеткен. Ал біткен үйлер саны 2680, яғни 35,41 пайызды құрайды. Жалпы 17 сектордағы әр облыс өздеріне берілген мерзімде қолға алынған шаруаны аяқтауға жақындап қалған. 

Арыста 1870 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды

Арыс қаласында 1870 үйдің жөндеу жұмысы аяқталды. Бұл туралы бүгін Арыс қаласында өткен облыс әкімдігінің аппарат отырысында айтылды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдайдың зардаптарын жою, құрылыс қарқынын бәсеңдетпеу, тұрғындарға жан-жақты жағдай жасау мәселелерін қозғап, құрылысты кешіктіріп жатқан сектор басшыларына жұмысты күшейту керектігін айтты.

Түркістан облысы: Арыста Жамбыл облысына тиесілі секторда 50 үй жөнделді

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласына арнайы келді. Ол Жамбыл облысы жауапты болып бекітілген 3-сектордағы қаланы қалпына келтіру барысын көзбен көріп,  11 көшенің белсенді тұрғындармен кездесті. Асқар Исабекұлы штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеу  жұмыстарын уақытылы әрі сапалы атқару керектігін айтты.

Түркістан облысы: Арыста жалпықалалық сенбілік өтті

Бүгін Арыс қаласының аумағында санитарлық тазалау бойынша жалпы қалалық сенбілік өтті. Қала әкімінің бастамасымен өткен шарада 940 адам қатысып, 26 шақырым аумақ тазартылды. Таза қаланың тынысы кең деп ұрандатқандар 92 тонна күл - қоқысты қала сыртына шығарды. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданының орталығы ажарлана түспек

Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінің орталық алаңын заман талабына сай көрікті етіп жасау үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өтетін алаң алдағы уақытта аудан тұрғындарының ең сүйікті демалыс орнындарының біріне айналмақ.