ОҚО әкімі не дейді? Аудан әкімдері не дейді?

Облыста бизнес саласына бөлінген қаржы дұрыс жоспарланбаған. Салдарынан мемлекет қолдауын алу мүмкіндігі азайған кәсіпкерлік субъектілерінің белсенділігі төмендеп кеткен. Осы жағдай инвестиция тарту мәселесіне де кері әсерін тигізіп отыр. Бұл туралы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы мәлімдеді. Өңірдің бас экономисі «жеке инвестиция тарта алмай, бюджетке алақан жайып отырған аудандар бар», - дейді. Бұл жөнінде «tvk-uko.kz» хабарлады.  

Мемлекеттік ту ойыншық емес

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. Елдің елдігін танытатын басты құндылық. Сондықтан әрбір азамат рәміздерді құрметтеп ұстауға, оларға ұқыппен қарауға міндетті. Бұл туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» конституциялық заңының 13-бабында айқын көрсетілген. Сонымен қатар бекітілген стандарттарға сәйкес, рәміздерді жыртылған, кірленген, тозған қалпында қолдануға жол берілмейді. Себебі, ол – Тәуелсіздік нышандарын қастерлеудің алғышарттары. 

ОҚО ӘКІМДІГІН ӘКІМДІК ЕМЕС, "ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ" ДЕРСІҢ!

Бүгінде не көп, ғылым докторы мен ғылым кандидаты көп. Сол докторлар мен кандидаттарыңыз қазір жоғары оқу орындарын қойып, атқарушы органдарда да өріп жүр. Сенбесеңіз, әкімдіктерде отырған лауазымды шенеуніктердің ғылыми атақтарына көз жүгіртіп шықсаңыз болады. Небір «Эйнштейндер» мен «Дарвиндерге» кезігесіз.

Subscribe to this RSS feed