Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданының шаруаларымен Елбасы Жолдауын талқылады

Түркістан облысына келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының Сайрам ауданында арнайы жұмыс сапарымен барды. Елбасының 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау мақсатымен келген вице-премьер аудандағы «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС мен «Nurym Group» ЖШС-нде болып, ондағы шаруашылықтың бүгінгі жай-күйімен танысты. 

Түлкібас ауданында суармалы жердің көлемі ұлғая түскен

Түркістан облысы Түлкібас ауданында ауылшаруашылық өнімінің көлемін ұлғайту үшін суармалы жерлердің аумағы ұлғаюда. Осы орайда су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы Республикалық мемлекеттік мекемесінен 2018-2023 жылдар аралығына (жылдық лимит) 136,7 млн. м3 ағын суды пайдалануға рұқсат алынды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков  мәлімдеді.

Сайрам ауданына 13,9 млрд. теңге инвестиция тартылған

Сайрам ауданында 2018 жылдың 10 айында 13,9 млрд.теңге инвестиция тартылған. Облыс көлемінде инвестиция бойынша ауданның үлесі 6,5 пайызды құрайды. Аудандағы кәсіпкерлік саласы бойынша белсенді субъектілердің саны 14665 бірлікке жетіп, өсім 12,8 пайызды құраған.Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев мәлімдеді.

Сайрам ауданында өнім көлемі 127,3 млрд. теңгеге жеткен

Сайрам ауданында 2018 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 127,3 млрд.теңгеге жетіп, өткен жылға қарағанда өсім 2,9 пайызды құрады. Нәтижесінде жан басынашаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 629,5 мың теңге болып, өсім 4,6 пайызға жеткен. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев мәлімдеді.

«TURKISTAN INVEST» 507 млрд. теңгені құрайтын 19 жаңа ірі жобаны қолға алып отыр

«Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының кеңсесі жанынан бүгінде «TURKISTAN INVEST», «Цифрландыру орталығы» және «Тұрақтандыру қоры» филиалдары құрылған. Қазіргі таңда «Түркістан» ӘКК» АҚ - құрылыс, әлеуметтік маңызды жобалар, туризм, инвестиция тарту, цифрландыру, тұрақтандыру қоры сынды бағыттар бойынша жұмыс атқарады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Түркістан» ӘКК» АҚ төрағасы Айтмұхаммед Алдажаров мәлімдеді

Түркістан облысында автоматтандырылған жылыжай жұмыс істейді

Түркістан облысындағы агроөнеркәсіптік кешендер цифрлық форматқа көше бастады. Мәселен, Сарыағаш ауданында автоматтандырылған жүйе енгізілген жылыжай жұмыс істейді. Қызанақ өсірумен айналысатын шаруашылық жаңа технологияны енгізу арқылы өнім көлемін екі есеге дейін арттырыпты.