Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа жүйесі жанданып келеді
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің барлық аймағында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа жүйесі іске қосылғаны мәлім. Биыл Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа жүйесі бойынша 173 мың азаматқа қолдау көрсетіліп, 2,8 млрд. теңге қаржы берілген. Оның ішінде 2580 адам өз ісін ашып, кәсіпкер ретінде тіркелген. Сондай-ақ 54 мың азамат «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасына қатысыпты.