Түркістан облысы: Жетісай ауданындағы ескі мектеп ғимараттары қайта құрылымдаудан өтпек

Жетісай ауданына қарасты Қызылқұм ауылдық округіндегі Ябек Есенбеков атындағы ескі мектеп алдағы уақытта 200-ге жуық оқушынының жазғы демалысын қамтамасыз ететін лагерге айналмақ. Ол үшін бір жылдан бері қолданыссыз жатқан мектепте барлық мүмкіндіктер бар. 

Түркістан облысы: Мақтааралда 4 мектеп пайдалануға берілді

Жаңадан құрылған Мақтаарал ауданында жаңа оқу жылына орай 4 мектеп пайдалануға берілді. Аудан әкімі Бақыт Асанов Жаңажол ауылдық округіндегі құрылысы аяқталған 600 орындық Фирдауси мектебінің ашылу салтанатына қатысып, ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтады.

«Өткен аптада облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы ауданымызға жұмыс сапарымен келіп, Иіржар ауылдық округіндегі Н.Бекежанов мектебінің ашылуына қатысты. Міне, бүгін мақталы өлкеде тағы 3 мектеп ел игілігіне беріліп отыр. Сонымен қатар ауданда 2 мектептің құрылысы жүріп жатса, 9 мектептің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылысы басталуы үшін қаржы бөлу жоспарлануда. Мұның бәрі – Елбасымыздың білімді жастарды, білімді жас ұрпақты қалыптастыруға ерекше мән беріп жатқандығының көрінісі. Әрине, Үкіметіміз қаншама мектеп салып, техникалық базаны күшейтіп қана қоймай, мектептің жаны саналатын ұстаздар қауымының әлеуетін көтеруге де үлкен мән беруде. Сондықтан, құрметті ауыл тұрғындары, жаңадан салынған мектеп ғимараты құтты болсын! Жас ұрпақ болашағымыз десек, сол болашағымыз кемелді болу үшін ұстаздар қауымы осындай заманауи ғимаратта аянбай еңбек етуі керек. Сол үшін де Сіздердің дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс тілей отырып, барлығыңызды білім күнімен құттықтаймын!» - деді Бақыт Нәсірханұлы.

Мектептің ішін аралаған аудан басшысы ғимараттың заманауи құрал-жабдықтармен, инфрақұрылымдармен қамтылғанына куә болды. Мультимедиалық кабинеттерді, зертханалар, мамандандырылған оқу сыныптарын, шеберханалар мен кітапханаларды, әдістемелік, дәрігерлік, психологиялық кабинеттерді, спорт залын көріп, құрылыс сапасына оң баға берді.

Айта кетейік, құрылысы 2017 жылы басталып аяқталған Фирдауси мектебінің жалпы құны 1 млрд. 200 млн. теңгені құрайды. Бұдан бөлек Мақтааралда Жамбыл ауылдық округіндегі 200 орындық 117 мектеп және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіндегі Ж.Нұрлыбаев атындағы мектеп пайдалануға берілді. Сондай-ақ Мақтаарал ауданында желтоқсан айына дейін тағы бір мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде.

2017 жылы құрылысы басталып аяқталған Ж.Нұрлыбаев атындағы мектептің жалпы құны 385 миллион 699 мың теңгені құрайды. Ал, 117 мектептің құрылысына 412 миллион 37 мың теңге жұмсалған.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Түркістан облысындағы мектептер жылыту маусымына дайын

Түркістан облысындағы білім ұяларында жаңа оқу жылына және жылыту маусымына дайындық ойдағыдай жүргізіліп жатыр. Бүгінде 1289 білім беру мекемесінде гидравликалық сығымдау жұмыстары аяқталды. Қатты отынды пайдаланатын 849 білім беру мекемесіне қажетті 131863,5 тонна  отын толығымен тасымалданды. Оның ішінде мектепке 109181,4 тонна, балабақшаға 13391,0 тонна қатты отын жеткізілген. 78 білім беру мекемесіне қажетті 3 379,7 млн. литр сұйық отын да тасымалданған.

Түркістан облысы: Ордабасы ауданында 3 мектеп пайдалануға берілді

Білім күні қарсаңында Түркістан облысында 28 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, оқушыларды білім нәрімен сусындатуға кірісіп кетті. Шәкірттері жаңа мектеп ғимаратына кірген білім ордаларының бірқатары Ордабасы ауданында орналасқан.

Түркістан облысында «Өлкетану» оқулығының таныстырылымы өтті

Облыс орталығы Түркістан қаласында орта мектептердің 5-7 сыныптарына арналған «Өлкетану» оқулығының таныстырылымы өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы шеңберінде қолға алынған кітап Түркістан облысы әкімдігінің тікелей қолдауымен шығарылғанын айта кетейік.

Түркістан облысы: 500 талапкер білім грантын иеленді

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркия елінің квотасын жеңіп алған талапкерлерге тегін білім беру сертификаттары табысталды. Биыл аталған оқу орнына Түркия Республикасынан 500 грант бөлінген. Бұл Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тесттен жоғары ұпай жинап, Қазақстанның грантына іліге алмаған талапкерлерге тегін білім алуға берілген мүмкіндік.

Шымкент: №125 мектеп үшін алар асу да, ұшар биік те алынбас қамал емес

Бүгін Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ тұрғын үй алабындағы №125 жалпы орта мектепте 1 қыркүйек – Білім күніне орай осымен екінші мәрте алғашқы қоңырау соғылды. Өткен оқу жылының басында ел игілігіне беріліп, тұсауы кесілген, 1200 орындық білім ошағындағы биылғы салтанатты шара «Рухани жаңғыру – Елорданың еңселі белестері» атты тақырыптың аясында Астана қаласының 20 жылдығына, Ақтау қаласының 55 жылдық мерекесіне және шырайлы Шымкенттің республикалық маңызға ие қалаға айналып, мегаполис атануына арналды. Жиынға «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК пен Қаратау ауданы әкімдігінің заңгері Қанатбек СӘМБЕТОВ қатысып, барша ұстаздар мен шәкірттерді, ата-аналарды Білім күнімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. 

Түркістан облысы: Шардарада мұғалімдердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті

Қаладағы «Абай» Мәдениет сарайында аудандағы білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Алқалы жиын басталар алдын аудан әкімі Болатбек Қыстауов пен облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова, аудандық мәслихаттың хатшысы Бұлтбай Мүтәлиев бастаған топ Мәдениет сарайының фоесінде компьютер арқылы әрбір мектептің жетістіктерімен танысып шықты.