Түркістан облысы: Жетісай ауданында Халықаралық зағиптар күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Асықата кентінде өткен «Жаныммен көріп, жүрегіммен сезінемін» атты шараға аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов, аудандық Зағиптар қоғамдық бастауыш ұйымының төрағасы Бақтияр Сары және аудандағы 150-ге жуық зағип жан мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін түсіндіру үшін Түлкібасқа ақпараттық топ келді

Мемлекет басшысының 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын орындау және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіру бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Түлкібас ауданына «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Беден Ахмет Сейсенбайұлы арнайы келіп, аудан тұрғындарымен кездесті.

Түркістан облысы: мақтааралдық шаруалар сайрамдықтармен тәжірибе алмасты

Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылы республикамыздағы етті мал өсіру бойынша алдыңғы қатарда тұр. Қарабұлақтық шарулар бүгінде өз өнімдерін еліміздің ірі қалаларынан бөлек Өзбекстанға да ірі көлемде саудалап жатыр. Жуырда мал шаруашылығы саласындағы озық тәжірибелерді үйрену үшін бір топ мақтааралдықтар Қарабұлаққа іссапармен барды. Ауданның әр округінен жиналған шаруаларды аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Өсер Мырзамданов пен осы бөлімнің бас маманы Талғат Каленов бастап жүрді. Бұл «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түлкібаста санитарлық талаптардың сақталуы жөнінде жиын өтті

Түлкібас аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында «Эпидемиологиялық маңыздылығы бар нысандар құрылысына қойылатын талаптар» тақырыбында арнайы дөңгелек үстел болып өтті. Эпидемиологиялық маңыздылығы бар нысандарға – барлық түрдегі мектепке дейінгі дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері, соның ішінде балабақшалар жататынын айта кетейік. Жиын барысында санитарлық талапқа сай салынбаған балабақшалар мәселесі де талқыланды.

Түркістан облысы: Кентауда көркемсөз оқудан «Тіл қазына» атты байқау өтеді

Кентау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Тіл-қазына» орыс тілінің білгірлері арасында көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын жариялайды. Байқаудың мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында орыс тілін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу болып табылады.

Түркістанда «Ulys» цифрлық журналының таныстырылымы өтті

Түркістан қаласындағы «TÚRKISTAN MEDIA» халықаралық орталығында орналасқан Өңірлік коммуникациялар қызметінде  ақпарат кеңістігіндегі тұңғыш цифрлық «Ulys» журналының таныстырылымы өтті. Аталған жиынға Қазақстандағы алғашқы электронды «Ulys» журналының бас редакторы Ержан Қалымбай, философия ғылымдарының кандидаты Жанат Момынқұлов,  басылымның техникалық директоры Болат Әскер, сондай-ақ облыстық ішкі саясат, мәдениет саласының мамандары мен баспасөз өкілдері, студенттер қатысты.

Түркістан облысында күн электр станциясы салынатын болды

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «KK-KIUNSEN» компаниясының директоры Джон Енг Сун бастап келген делегациямен кездесті. Басқосуда тараптар Түркістан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайын ақылдасты.

Кентауда «Жүректерге жол тапқан – екі жұлдыз» атты ән байқауы өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Арнаулы кәсіптік колледж студенттерінің Кентау қаласының кәсіби әншілермен тәжірибе алмасу, халық әндерін насихаттау, сонымен қатар ән өнеріне деген қызығушылығын арттыру және қолдау көрсету мақсатында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Жүректерге жол тапқан – екі жұлдыз» ән байқауы өтті.

Түркістан облысында латын әліпбиіне арналған семинарлар өтеді

Түркістан қаласына «Латын негізді әліпби мен емле ережесі туралы насихат» жобасы бойынша ғалымдардан құралған насихаттық топ келді. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, Назарбаев Университетінің профессоры Жазира Ағабекқызы бастаған топ әуелі Түркістан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесті. Басқосуда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен облыста өтетін семинарлар барысы баяндалды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды «ontustik.gov.kz» порталына сілтеме жасап. 

Түркістан облысында өнеркәсіп кәсіпорындары 323,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысының 300-ден астам өнеркәсіп кәсіпорны 323,9 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 97 пайызды құрады. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғанибет Әубәкіров мәлімдеді.